Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
377 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар ӘЙЕЛ: Қолғабыс етерсіз деп үміттенемін . Күйеуім тіркелген JohnHancock сақтандыру полисі жайында сұрағым келген еді. Полис арқылы қарыз алғым келген еді... көп сұрамадым деп ойлаймын. ХАТШЫ: Қолдан келетін көмегімізді аямаймыз. Бір өкіліміз өзіңізге риясыз қызмет етуіне рұқсат етіңіз. ДЭВИС: Шиилдс мырза? Дэвис күту аймағына кіреді. Бобқа жақындайды. ШИИЛДС: Иә. ДЭВИС: Мен Херб Дэвиспін. Кеңсемізге келгеніңізге қуаныштымын. ШИИЛДС: Сізді көргеніме қуаныштымын, Дэвис мырза. Маған уақыт бөлгеніңізге алғысым шексіз. ДЭВИС: Әркез қуаныштымын. ШИИЛДС:Сізгеқоярсұрақтарымкөп, бірақ, алдымен маған мына (әлгі таңбашаны көрсетіп) «ХАНТЕЛ МҮМКІНДІК» туралы таңба нені білдіретінін айтып беріңізші? ДЭВИС: Сіздіңжарамдылық тестіңіз немесе басқасұрақтарыңызтуралыайтпасбұрын– әңгімеміздің әлқиссасын осы таңбадан бастайық, себебі HANTEL бүгінде біздің агенттіктің жүрегіне айналды. Маған ілессеңіз, HANTEL жайындағы бар ақпаратты көрсетемін . Дэвис пен Боб агенттің кеңсесіне көз жүгіртеді. 45- тер шамасындағы АГЕНТТІҢ ӘЙЕЛМЕН сөйлесіп тұрғанын көреміз. АГЕНТ: Бингэм ханым, полисіңіздің нөмірін білесіз бе? ӘЙЕЛ: Жоқ, білмеймін-ау, бірақ менде John Hancock жіберген соңғы шот бар секілді. Сол жарай ма? (Әмиянын ақтарып).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==