Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
9-ТАРАУ 376 ӘЙЕЛ: Рақмет. Қаражатымды қашан ала аламын? ХАТШЫ: (күнтізбеге қарап). Қараша айында... егер жолыңыз болса, Пасханың ортасында. ӘЙЕЛ: Рақмет. Хатшы үстелше бетіндегі өзі қойған қағаздарды алғанда оны шашып алады... Бланкіні қарауыту. (МУЗЫКАНЫ БӘСЕҢДЕТУ). ТИТР: талтүс... ПЕРДЕ: Боб JH кеңсесіне кіреді. Хатшыға беттейді. Кеңсенің іші кең әрі таза, хатшы келбетті жас әйел. (МУЗЫКАНЫ ҮДЕТУ). ХАТШЫ: Сәлем, сізге қалай көмектессем болады? БОБ: Иә, рақмет. Менің есімім – Боб Шиилдс. Сағат екіде Дэвис мырзамен кездесуім бар еді. ХАТШЫ: Ә, иә, Шиилдс мырза. Дэвис мырза сізді күтуде. Осында күте тұрсаңыз, сіздің келгеніңізді айта қояйын. Боб үстелдің төменгі жағында тұрған шағын таңбаны байқайды. «БІЗДЕН «ХАНТЕЛ МҮМКІНДІК» ТУРАЛЫ СҰРА!» деп жазылған. Бағанағы әйел кеңсеге кіреді, хатшыға беттейді. Таңертеңгі ұсынылған бір бума қағаздарды толтырғаннан түрі шаршаңқы көрінеді. ХАТШЫ: Иә, ханым. Сізге қалай көмектесе аламын?
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==