Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
375 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар Боб отыратын жай тапты. Айналасынан оқитын бірдеңе іздейді. 1970 жылы шыққан ескі журналдарды тауып алады. Журналдарға таңдана қарайды. Журналды оқи бастайды. Ізетті әрі сыпайы көрінетін, жасы қырықтар шамасындағы әйел кеңсеге кіреді және хатшыға беттейді. Боб мұны бақылап тұрады... ХАТШЫ: (көңілсіз тонмен). Иә! ӘЙЕЛ: (сәл таңдана қарап). Эм... Қалыңыз қалай? Маған көмектесіп жіберер деп тұрмын? ХАТШЫ: Көмегіміз тиіп қалар. Қандай мәселемен келдіңіз, ханым? ӘЙЕЛ: Күйеуім екеуміз бұл жерге бірер апта бұрын ғана Миннесотадан көшіп келдік… Білесіз бе, «Кедей болсаң көшіп көрдің» кері болды, шығынға баттық. Сосын күйеуім екеуміз 1989 жылы сатып алған Olde Fashioned-тегі сақтандырудан ақша алуға дәмеленіп едік, бұл мүмкін бе? ХАТШЫ: Бұлсізойлағандайоңайдүниеемес. Біз оны осыжерде істепбереалмаймыз. Әуелі сіз мекенжайыңыздың ауысқаны туралы мына форманы толтыруыңыз қажет (ол үстелше үстіне бір бума қағазды қояды). Сосын мына «Тәркіленбеген құнды бағалау» формаларын толтыруыңыз керек (үстелшеге тағы да көп қағаз қояды). Бұдан кейін тағы бір форма: «Алдағы 35 жыл ішіндегі Болжамды Қаржы мәртебесі туралы декларацияны» толтырасыз (тағы көп қағаз қояды). Ал егер сіз 15$-дан көп көлемде қаражат керек етсеңіз, бізге саусағыңыздың ізін түсіріп, төлқұжаттық мәлімет, полициялық құжаттама және орта мектептегі үлгеріміңіз туралы мәліметті мынаған толтыруыңыз керек (соңғы бір бума қағазды үстел үстіне тастай салады). Бұған дейінгі хатшының үстелше үстіне үйіп қойған қағаздарынан әйелдің басы ғана көрінеді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==