Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
9-ТАРАУ 374 Қазір көпшілігі жеке басты сақтандырушы компаниялардың барлығы бірдей деп ой- лайды. Алайда бұл қалашықта осы жайын- да бәрінен жетік білетін бір адам бар. Ол – Боб Шиилдс. Бобтың ағасы сақтандырушы агент қызметін атқарады және өзі де агент болуды ұйғарыпты. Бүгін ол осы қаладағы екі компанияның қызметі жайында кіші- гірім ақпарат алу үшін келіпті. Микс: Экстерьер: Olde Fashioned Life және John Hancock -тың таңбасы. Бірінші таңбаша ескі, тозған қалыпта, ал JH таңбасы заманға сай әрі таза. Кесу: панорама және бір жаяу жүргіншінің артына ілесу, Боб Шиилдс көпшіліктің ішінде келе жатады. Жиырма жас шама- сындағы жігіт, жақсы киінген, ысқырып келеді. (МУЗЫКАНЫ ҮДЕТУ). Боб Olde Fashioned Life есігін ашады. Таңбаны зуммен үлкейту. БОБ: Хм... ғафу етіңіз… Мм ... ханым… СӘЛЕМ! Интерьер, ресепшннің айна- ласы. Хатшы орнында қалғып отыр. ХАТШЫ: (кенеттен оянып). ОУ! Не... Не бұл? (Айналасына ашулана қарап. Бобты көреді. Ашулы үнмен). Сіз кімсіз? Сізге не керек, өзі? БОБ: Айып етпессіз, ханым. Менің есімім – Боб Шиилдс. Мен... Қорылға басқан. Боб оны оятуға тырысып, дауы- сын көтере сөйледі. ХАТШЫ: (сөзін бөліп). Боб Шиилдс, адамға үнемі осылай айқайлайсыз ба? Бизнес мекемесі екенін көріп тұрған жоқсыз ба? Боб кеңсе ішін барлай қарайды. Бірнеше қызметкердің ұйықтап отырғанын байқаймыз. БОБ: Кешіріп қоярсыз. Сағат онда Гиденбург мырзамен кездесуім бар еді. ХАТШЫ: Жарайды, төрден орын тауып, отыра тұрыңыз. Кездесерсіз, бұйыртса.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==