Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
373 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар қолданбаған жағдайда, басшылықты оны орнатуға қаражат үнемдеуге көндіру және; (3) әр менеджер мен агентке жүйенің жеке басымдықтарын жете түсіндіру. Кинг баяндаушы немесе пікірталастан гөрі, юморға иек артқан драмалық форматты таңдады. Аудиторияны контентті жатырқамай және видеоға көңіл бөлуге ынталандыру үшін, ол дәрісті таңертеңгі жұмыстан бастады. Кинг менед- жерлерге HANTEL -ді қалай және не үшін оқу қажеттігін түсіндіретін, көрсететін ақпараттық нақты мақсаттарды төртеуге дейін қысқартты: (1) агенттерді оқыту; (2) сауда-саттыққа жәрдемдесу; (3) сауда бойынша ұсыныстардың тиімді жүйесін құру және; (4) әкімшілік процестерді күшейту. Сценарийді «Хантел мүмкіндік» (The Hantel Advantage) деп атады. Жазушылығымен қатар продюсерлік қабілеті бар Кинг бас рөлдерді ойнау үшін бірқатар кәсіби әртістерді жалдады және екін- ші кезектегі рөлдерге John Hancock Mutual Life Insurance компаниясының қызмет- керлерін жұмылдырды. Төменде ұсынылған «Хантел мүмкіндік» сценарийінің бірінші бө - лігін оқитын кезде жоғарыда сипатталған әдістердің, соның ішінде дұрыс-бұрыс амалының көрсетілгендігіне мән беріңіз. Мұны компью - тері жоқ ойдан құрастырылған сақтандыру компаниясы мен еншісін - де HANTEL бар John Hancock Company-дің арасындағы салыстырудан байқауға болады. Кинг түсіндірмелі монологқа қарағанда ынталан - дырушы диалогқа ден қойып, қойылым форматын қолдануды құп са - наған. Көрерменге визуалды юмор мен ойын-сауықтық элементтерін ұсыну мақсатында ескілік пен жаңашылдық арасындағы контраст ай - тарлықтай әсіреленген. «ХАНТЕЛ МҮМКІНДІК» АУДИО ВИДЕО JHVN ЛОГОСЫ Қарауытудан шығу. Бастапқы титр: «ХАНТЕЛ МҮМКІНДІК» Қара түске қарауыту. БАЯНДАУШЫ: (музыка қосу). Қарауытудан шығу. Жалпы план, аэротүсірілім, шағын қалашық. Суретті баяу зуммен үлкейту. Бұл шағын қалашықта болған оқиға. Американың басқа қалалары секілді, мұнда да көптеген кәсіпорын бар, соның ішінде жеке басты сақтандыру бойынша екі-ақ компания жұмыс істейді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==