Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

9-ТАРАУ 372 кітапта он бір тарау бар», – деп жазбаңыз, дұрысы: «Бұл кітап он бір та- раудан құралған». 2. Аудиторияның деңгейіне сай келетін ауызекі тілді қолданыңыз. Әдеби шы- ғарма жазу емес, көзбен көретін ( visual – визуал) һәм құлақпен тыңдай- тын ( aural – аурал) презентация дайындайсыз. Сценарийдегі тілдің ырғағы мен екпіні сипатталатын тақырыпқа сәйкес болғаны абзал. Әсіресе белгі- лі бір әрекетті қалай жасау керектігін сипаттайтын көрсетілімде, қысқа сөйлемдерді қолданыңыз. Аз уақытқа біршама ойды сыйдырам деп әуре болмаңыз. Балаң сценаристердің негізгі қателігі – ақпаратты үсті-үстіне бастырмалатып беруі. Бұл берілген мәлімет аудиторияның қабылдауына әрі есте сақтауына кері ықпалын тигізеді. 3. Ұқыпты болыңыз. Мұқият болыңыз. Аудитория айтылып не көрсетіліп жатқан дүниеге, яғни нені үйрену керек мәселесіне қатысты еш күмән келтірмеуі қажет. Қызметкерлер аудиториясы болған соң, бәрі түгел техникалық тілді жете түсінер деп ойламаңыз. Техникалық терминдерді түсіндіріп, әрқайсысына анықтама беріп өтіңіз. Бір жағынан, бұл аудито- рияға ортақ қандай арнайы терминдер мен сөздер бар екендігін анықтап алыңыз, мұны аудиториямен эмпатиялық қарым-қатынас орнатудың құ- ралы ретінде әрі көп түсіндіруді талап ететін ресми терминдердің орнына қолданыңыз. 4. Сөзді дұрыс жазыңыз, мүдірмей жеткізіңіз. Кез келген ситуацияға қатысты жазғанда сөздік пен түсіндірме сөздікті қолданудан қымсынбаңыз. 5. Тренинг бағдарламаларын дайындағанда жаңылыспаңыз. Мысалы, жаңа ма- шинаны қолдану туралы нұсқаулық беріп жатқанда: «Әрі қарай сіз мына бөлшекті босатып, кейін мұны анау тұрған қосалқы бөлшек арқылы бұ- рауыңыз керек…» демей, оның орнына: «Келесі әрекет – мына бөлшекті босатасыз да, оны мына қосалқы бөлшек арқылы бұрайсыз…», – деп қа- рапайым тілмен түсіндірген ләзім. 6. Визуалды ойлаңыз, визуалды жазыңыз және визуалды қайта қарап шығыңыз. Кор- поративтік сценарийлердің дені визуалды қалыпта жазылады. Көп автор нұсқаулық жазу формасын баспасөзге жазғанмен бірдей көреді, бұған се- беп – олардың жұмысының басым бөлігі оқулықтармен байланысты. 7. Тиянақты болыңыз. Тиянақтылық та үлкен маңызға ие. Ұсынғалы тұрған материалыңыз жайында жақсы әсер қалдырыңыз. Егер сценарийіңіз нем- құрайды көрінсе, сізге шаруасын тапсырмақ болған адамдар ұқыпсыз деп секем алуы әбден мүмкін. Корпоративтік әлемде шығармашылық құдіре- тінің құны көк тиын. ҚОСЫМША: ВИДЕО - ІШКІ ТРЕНИНГ John Hancock Mutual Life Insurance компаниясына арналған видеотренинг дирек- торы Фрэнк Р. Кингке ел ішіндегі 430 елді мекенді HANcock TELecommunications жаңа компьютерлік желісімен таныстыру үшін видеобағдарлама жасау тапсы- рылады. Бұл видео агенттерге HANTEL туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін бір күндік кездесуге дайындалды. Сценарий мақсаты: (1) жер-жердегі әрбір кез- десуді позитивті көңіл күймен бастау; (2) компания жаңа компьютерлік жүйені

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==