Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
371 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар «Құр сөзбен қуырдақ қуыру» және «сауданың жайын төтесінен баяндау» тә- сілдерінің корпоративтік тренинг сценарийінде оңтайлы нәтиже беруі сирек құ- былыс, сондықтан бұған да әуре болу керек емес. Алайда автор үйренуді жеңіл- дететін жүйені, жөн-жобаны, қарекетті, ой-пікірді қалай жеткізсін? Корпоратив- тік оқытудың сценарийі, негізінен, екі тәсілге негізделеді: дұрыс-бұрыс амалды көрсетілім және рет-ретімен берілетін көрсетілім. Дұрыс-бұрыс амалды көрсетілім жағдайында, кейіпкер жүйені өнімді неме- се машинаны дұрыс қолданбайды, мұның соңы сорақы әрі келеңсіз жағдайға тірейді. Бұдан кейін осы әрекеттің барлығын жаңылыспай жасайтын кейіпкер іске араласуы мүмкін. Әр кезеңді нақты көрсету үшін бұл процесті рет-ретімен көрсетуге болады. Мысалы, мейрамхана желісі жаңа персоналға шарапты қалай ұсыну керектігін оқытатын видео жасау туралы келісімге қол қойды делік. Бі- рінші эпизодта жұмысқа жаңадан келген даяшының бөтелкені тығынмен жабуы , қызыл шарап құйылған бөтелкені ішінде мұзы бар шелекке салуы, шараптың атауын көрсетпей құюы, иіскеп көру үшін бөтелкенің тығынын ұсынуы немесе алдын ала иіскеп көруді ұсынуы, әр бокалды иініне дейін толтыра құюы, дастар- қанға және клиенттің үстіне шарапты төгіп алуы бейнеленеді. Әзіл-оспақпен ке- лістірілген әрі шарапты ұсыну дұрыстығын көрсетуге бағытталған эпизод – түзу бағыттағы процедураны және қайталанбауға тиіс қателіктерді көрсетеді. Әзіл-оспақ – көптеген сценарий форматтары үшін керек-ақ дүние, алайда корпоративтік сценарийде қолдану – тәуекелге бел байлатар іс. Халық әзіл-ос- пақты көбінесе түсінбей қалатынын сценаристер көріп-біліп жүр. Кейбір бас- шылар болса, сценарийге әзіл-оспақ қыстыру, өнімді не сервисті келемеждеу немесе жеңіл-желпі қарау деп түсінеді. Бұған қоса, комедия жанрында сцена- рий жазу қиынның қиыны. Баз бір сценаристер әзіл-оспақ жазуға икемдіміз деп ойлайды , айналып келгенде, баланың былдыры секілді шала-шарпы юморымен ұятқа қалады. Корпоративтік продюсерлер корпоративтік сценариймен жұмыс істегенде әзіл-оспақты анда-санда қосуды ескертуі мүмкін. Тренинг сценарийін жеңіл үйрететін екінші маңызды тәсіл – рет-ретімен бері- летін көрсетілім. Сарапшы, офис-менеджер немесе өндірістік мекеменің басшы- сы белгілі бір тапсырманы қалай орындау керектігін рет-ретімен көрсете алады. Бұл көрсетілімге баяу қозғалыс (slow-motion), ірі пландар, қайталау, сондай-ақ кейіпкер мен тәлімгер рөліндегі кейіпкерлердің маңызды сұрақтары қосылады. Көрсетілім аяқталған соң, тәлімгерге сол процесті кезек-кезегімен қайталап беру туралы ұсыныс айтылуы мүмкін. Бұл тәсілді интернеттің интерактивті элемент- тері жандандыра түседі. Тиянақтау мен қайталаудың жөні бөлек. Аудиторияға айтылуы керек дүниені айтыңыз, қайта дігерлеп айтудан жалықпаңыз. Әр оқы- ту модулінен кейін бір пысықтап алыңыз, сосын бағдарлама соңында әрбір ұң- ғыл-шұңғылы түсінікті болуы үшін күрделі процестер баппен қайталанады. Ви- зуалды әрекет, дауыс және дыбыс эффектілері, музыка, жазылған сөздер (әдетте үлкен әріптермен ұсынылған) диаграммалар (керек жерде түрлі түспен, нақты және айқын ұсынылған) бағдарламаның әрін кіргізеді. Корпоративтік сценарий ойын-сауық сценарийге қарағанда ресми түрде жа- зылатындықтан, мұнда кітаптың «Формат және стиль» деп аталатын 3-тарауын- дағы стиль туралы бөлімінде сипатталған қағидалармен бірге, бірқатар маңыз- ды кеңестер беруді жөн санадық: 1. Қажет жерге ырықсыз етістің орнына ырықты етісті қолданыңыз. Көпте- ген авторлар өз сценарийінде фактілер мен идеяны тікелей және белсенді баяндаудың орнына, ырықсыз етісті қолдануға бейім келеді, мысалы: «Бұл
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==