Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
9-ТАРАУ 370 Техникалық мәтін жазу стиліндегі ресми сценарий дайындау қажет болса (бұл жағдайда ең тиімді болатын), біз бұл жұмыстан нұсқаушыны шеттетіп, оның видеода белсенділік танытпағандығын алға тартып, міндетінен босатар едік. Сосын оқыту бағдарламасының қызметкерлерімен де жұмыс істеуден бас тартатын едік, себебі олар әуел бастан видео туралы ешойламады. Біз көп адамды кері ысыратын едік, бірақ сонда да пайдалы өнім жасай қоярымызға күмәнім бар. Өзімнің пайымдауымша, мұндағы мораль – корпоративтік медиа сце- нарийлері түрлі ситуацияға бейімделуі керек. Мен тек өндірістік сценарий құрудың бір қыры – адамдарға жабдықты қалай қолдану және қалай сақтау керектігін үйрету үшін, сол жабдықтарды сипаттау керектігі туралы айттым. Осы тектес сценарий үшін осы құрал-жабдықты жатқа білетін адамның се- німіне ие боған маңыздырақ (тіпті оның дауысы соңғы дайын өнімде қолда- нылмаса да). Сол себепті сценарийімді қайта жазғанда грамматикалық қателіктерді өші- ру, шимай-шатпақ не басы артық сөздерді анықтаумен шектелемін. Мен бағ- дарламада сценарий бойынша суреттер тұрғандықтан, оны қайта түзетіп әуре болмаймын. Алайда режиссерлік сценарийге қатысты түйткілді аңғарсам, оқыту бағдарламасына жауапты адамдардың назарын сол мәселеге аудартамын және оң шешімін шығаруға мүмкіндік беремін. Мен шығармашылық/драмалық ар- наға түсіп кетпей-ақ, баяндауды, мүмкіндігінше, әңгіме қалпында сақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Мұндай сценарийлер ауызекі стильде жазы- луға тиіс, шынайы естілсін, сонымен қатар сленгті мейлінше аз қолданған дұрыс. Жеңіл жазылған сценарийге қоқыс жәшігінде жан бітуі екіталай. Клише немесе белгілі бір стильге байлаулы баяндаудан аулақ қашқан жөн. Көптеген корпоративтік сценарийде драма форматы қолданылады, мұнда сценарист аудитория мен конфликтіні ұстап тұратын шиеленіс құрғысы келе- ді (бағдарламаның мақсаты – сол конфликтінің шешімін табу). Өз туындысында көптеген корпоративтік сценарийлерде басым қолданылатын кадр сыртындағы дауыс пен лекция түріндегі диалогты қолданудан гөрі, драмалық диалог пен әре- кетті тиімді пайдалана білген Ричард Брунер Томас К. Хантер «Аудиовизуалды коммуникациялар» (Audio-Visual Communications) мақаласында бірқатар кеңестер береді. Брунер бағдарламада түсіндірме ақпаратты ұсыну мақсаты болса, мұн- да баяндау тәсілі арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатындығын айтады. Алайда ол «бағдарламаны драмалық әсер қалдыратындай етіп жасау керек бол- са, драмалық форматты ұсыну керектігін айтады». Аудитория бағдарламаның түпкі мақсатында маңызды бір мәселенің жатқандығын түсінуі керек. Басты ке- йіпкер конфликтіде оңды нәтижеге қол жеткізуіне өз үлесін қосуы қажет. Брунер клиенттердің драмалық тәсілмен жұмыс істеуде өздерін еркін сезінбей- тіндігін ескертеді, себебі «конфликт туғызу үшін, барлығының жақсы қалыпта бо- луы мүмкін емес». Автор корпоративтік клиенттің табиғаты консервативті болуға бейім екенін ескеру керек. Бұл сценарийдің көркем әрі мазмұнды элементтеріне де қатысты ескерілуі керек дүние. Тіпті басқа шығармашылық тәсілдің өзі «қа- йықтың теңселгеніндей» әсер қалдыруы мүмкін. Кейде автор клиентті сценарийді тыңдау және көруге құлшындыратын ең қажетті шығармашылық факторлардың көмегінсіз бағдарлама көрерменді зеріктіріп жіберетіндігін және корпоративтік мақсат үдеден шықпайтынын айтып көндіруге мәжбүр болады. Алайда Брунер шығармашылық тәсілді қолдану көп жұмысты талап етуі мүмкін, автор арнайы әрі таңғалдыратын эффектілерді қаптата беруге үйірсек болмауды ескертеді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==