Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
369 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар мақсаттарға сәйкес болуы үшін, сценарист мақсатты аудиторияны анықтап, бағдарлама аудитория мен клиенттің талап-тілегін қанағаттандыратындай мақсатты аудиторияның мүдделер профилін жасақтап, олардың тақырып- пен танысуын қамтамасыз етуі керек. ЖАЗУ ТӘСІЛДЕРІ Control Data Corporation фирмасының телевизиялық коммуникация жөніндегі продюсер-директоры Дональд Шаал: «Ағартушылық және индустриалды теле- визияда ( Educational and Industrial Television ) өнеркәсіптік бағдарламаға арналған сценариймен жұмыс істегенде, шығармашылық/драмалық және техникалық тә- сіл көмегімен жазу туралы алдын ала пішілген идеяларыңызды қоқыс кәрзеңкесі- не лақтыра салуыңызға болатындығын», – айтады. Шаал сынып жетекшісін элек- тронды медианы қолдануға үгіттегені сәтсіз болғандығын және «медианың нені жасап, нені жасай алмайтынын білмеудің кесірінен... өзінің көңілі толмайтын хабардың шығуына алып келгендігін айтады. Бұған ұйымдастыру, режиссерлік сценарий, өткелдердің бірізділігі, сондай-ақ қосылуға тиіс детальдар жетіспеді... Біз кейде «тренинг» деп атайтын бағдарламалар оқу материалын ығыстырмай, керісінше, оны толықтырып тұру керек деп ойлаймыз. Алайда біз нұсқаушы- ға өз сыныбындағы жасайтын әрекетті қайталататындай қадам жасатсақ, мұнда тек аз мәліметті қанағат тұтатынымыз былай тұрсын, жасаған дүниеміздің бә- рін жоғалтып алатынымызды түсіндік. Сыныпқа ауадай қажет медиа продакшн нұсқаушының студенттерге жеткізе алмайтын жерін толықтырып тұруға тиіс». Шаал ұсынған түйткілдің шешімі – электромеханикалық және электрондық жабдықтарды сипаттайтын дыбыс тректерін құру үшін кәсіби мамандарға жүгі- ну. Кейін ол мұның тағы бір мәселені туындатқанын тапты: жабдықтың қыр-сы- рын білетін жан медиада бүге-шігесін тарқатып жеткізудің жолын білмейді, ал жақсы таныстыруды қатыратын кәсіби орындаушы жабдық жайынан бейхабар. Шалл: «Мұндағы шешім – кәсіби маман машинаның әр бөлігін құдды бір өзі құ- рағандай және бұл машинаны таза алтынмен аптап, әрі өзі жасаған тынымсыз еңбегі екендігін білдіртетін кейіпте сөйлеуі қажет», – дейді. Бұл эффектіге қол жеткізудің төте жолы – «көлеңкелі сценарий» құрастыра салу. Шаалдың түсіндіруінше, көлеңкелі сценарий дегеніміз – сынып жетекшісі- нің белгілі бір тақырып туралы презентацияның транскрипциясын режиссер- лік сценарийде, баппен кадрдан тыс мәтін арқылы кәсіби маманның дауысымен қайта жазу. Шаал мұнда екі қиындыққа тап болған, себебі сынып нұсқаушысы аудиторияға үйреншікті оқыту тәсілін қолдануға бейім келеді: қысқалықтың, нақты режиссерлік сценарийдің жоқтығы және сынықтың орнына түскеніндей сайма-сай материалды уыстан шығарып алу. Шаал өз процедурасын қайта қа- рауға мәжбүр болған. Қазір осындай бағдарлама дайындайтын нұсқаушы дүкенге кірсе бүге-шігесіне дейін жазылған таза нобайын, мысалы, видео сынды нақты медиумын алып келеді. Көп жағдайда ұқыпсыздау формада жазылған сценарий ұсынылады, мұндайда мәтін мазмұны нашар болғанымен, аудиотрекке басымдық берумен сценарийді алып шығады. Бұл нобай мен сценарийлерді мектептегі оқыту бағдарламасына сай ұсынады, сондай-ақ нұсқаушының жабдықты рет-ретімен әрі толық сипаттауына тұсау салады...
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==