Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

367 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар лікті ме? Мақсат, бюджет және ресурс – медианың формасын анықтауға көмекте- седі. Видео ма? Әлде тек аудионың өзі ме? PowerPoint па? Студиядағы компьютер желісі ме? Студияда немесе тәуелсіз продакшн компанияда жұмыс істеген болсаңыз продакшн ресурстарымен бұрыннан таныс боларсыз. Ал сондай бір сценарийді жазу үшін штаттан тыс фрилансер ретінде бекітілсеңіз, синопсисін құрамас бұ- рын компанияның немесе компания жалдайтын ұйымдардың өндірістік мүмкін- діктерін анықтап алыңыз. Тритмент (treatment) немесе нобай (outline) Дайындық және продакшн кезеңінде қаламгер мен клиент/басшылық ара- сындағы келісімнің орнауына бір қадам жақындататын тритменттің маңызы зор. Бұл қаламгердің уақыты мен қаражатын зая кетіреді немесе клиент/басшылық процесс басталып кеткен соң бір аптадан кейін сценарийді тексергенде, ойдағы- дай шықпаса авторды жұмысынан айырылу қаупіне әкеп тіреуі мүмкін. Сондық- тан автор сценарий жазылғанға дейін, тіпті тритментті бастамас бұрын клиент/ басшылықпен өткен бірінші кездесуден кейін нобайды дайындап, алдынан өтіп алғаны дұрыс. Нобай сценарийдің соңғы нұсқасы дайын болғанша келісіліп қо- йылсын. Басқаша айтқанда, қаламгер жобаның әр кезеңінде дұрыс бағытта келе жатқандығына сенімді болуға тиіс. Дегенмен бұл ережеге бағынбайтын жағдайлар да кездеседі. Студия штатын- дағы және тәуелсіз авторлардың бірқатары бір компанияда көп жылдар бойы табысты қызмет еткендіктен, олардың пайымдаулары мен кәсібиліктеріне кү- мән болмайды. Мұндай авторлар бастапқы кездесуде-ақ жобаның мақсатын түсініп, белгілі бір уақыт ішінде сценарийді аяқтап келуге рұқсат алуы мүмкін. Осы тарауда сапалы материалдың үлгісі ретінде ұсынылған сценарийдің авторы тәжірибелі автор-продюсер Ральф де Йонгқа бұл жағдай таныс. Де Йонгтың тө- мендегі Бағалау бөлімінде жас жазушыларға арналған кеңестерін оқитын кезде, өзінің айрықша құзіреті бола тұра, бір мәмілеге келгендігіне сенімді болу үшін қажетті қадамдар жасайтындығына мән беріңіз. Зерттеу Автор сценарий жазуға ысылмаған болса, оны жазып тастау әдетте көп уа- қытты алады. Бағдарламаға ойын-сауық және ағартушылық элементтерін енгізу қажет болса да, бұл ойын-сауық бағдарламасы емес. Бағдарламаның мақсаты – нақты идея мен ақпаратты жеткізу. Бағдарлама нақтылыққа құрылуы керек. Оны қызықты ету үшін, автор компанияның тарихымен немесе ғылыми про- цесті техникалық пайдалану секілді дүниелермен жіті танысады. Сол кезде ғана автордың еншісінде тиімді сценарийге қол жеткізетін түрлі нұсқаларды таңдау үшін жеткілікті материал болады. Тақырыпқа байланысты автор кітапхана не- месе интернет арқылы зерттеулер жүргізіп, мамандардың пікірін сұрастырып, бағдарламаның нысаны саналатын қызметкерлер және бағдарламаның мақсат- тарын құрастырған басшылықтағы лауазымды тұлғалармен әңгімелесу қажет. Рожер Салливан «қаламгер сол тақырыпты білетін мамандармен қоян-қолтық араласып, әрбір пікіріне құлақ түріп, өзінің қиялына жүгінуі керектігін» айта- ды. Сонымен қатар сценарий авторы сол тақырып аясында жұмыс істеу арқылы

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==