Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
9-ТАРАУ 366 әрі аз-маз шығынмен аяқталғанын қалайды. Шығармашылық продакшн әрбір мақсатпен тыңғылықты келісумен басталады. Қызметкер оқытудан алған қабілетін өз ісінде көрсетеді. Толық қойылымдық сценарий өзара байланысқан қабілет пен ағартушылық тәсілдердің модульдік серияларын алып шығады, екеуі қосақтасып бағдарламаның негізгі айтпағын жеткізуге мүмкіндік жасайды. Әр модуль үшін әсері көбірек визуалды презентация дайындалады. Іс жүзінде қалай жасалғанына маңыз беріледі. Ал теория тұрғысынан екінші орынға ысырылады. Аудиторияңыз бен мақсат айқындалса, модуль құраушы блоктар жиналған сәтте ғана қойылымдық сценарий нақтылана түседі. Клиент/менеджмент конференциялары Егер сіз штаттан тыс сценарист, яғни тәуелсіз автор немесе қаламгер-продю- сер болсаңыз, басшылықтың көздегенін және мақсатты аудиторияның демогра- фикасы мен мотивациясын анықтау үшін көп уақыт жұмсайсыз. Көп жағдайда тәжірибеге негізделген ережелер жүрмейтіндіктен, продакшн ұйымдары жал- пы шығармашылық өндіріс кестесінің үштен екі бөлігін сценарий жазуға және үштен бір бөлігін нақты шығармашылық өндіріске жұмсайды. Дайындық жұ- мыстары, соның ішінде сценарийді нақтылау шаруасы неғұрлым тез аяқталған сайын, шығармашылық өндіріске соғұрлым аз уақыт қажет болады. Егер күллі продакшн жұмыстары студияда жасалса, әдетте тең уақыт көрсеткіштері дұрыс келеді, алайда жобаға белгіленген жалпы уақыт аз болуы мүмкін. Басшылық шығармашылықтың уақытты талап ететіндігін үнемі ұмытып кетеді, сөйте тұра өткен аптаның сауда-саттық мөлшері туралы мәліметтерді талап ететін есепші секілді, бағдарламаға жауапты топтан «тауарды» тездетуді сұрайды. Автор жұмыс істеу мерзімінің ұзын-қысқалығына қарамастан, басшылықпен және қызметкерлер тобының мақсатты аудиториясымен кездескен жөн. Әдетте бағдарлама компанияның өз студиясында жасалғанымен, оның сценарийін фри- лансер қаламгер жазады. Мұндай жағдайда сценарий авторы компания про- дюсерімен, сонымен қатар бағдарламаның мақсаты мен контентіне қызығушы- лық танытқан басқа кеңселермен және мамандармен кеңескен жөн. Автор мен клиенттің (ішкі студияда – автор мен басшылықтың) бастапқы кездесуінде бағ- дарламаның мақсаты мен формасы туралы нақты келісіп алу қажет. Бюджет және ресурс Сценарий авторы көп созбай бюджеттің көтеретін шамасын салған жерден нақтылап алсын. Егер автор продюсерлік қызметті қатар атқарса (жиі кездесетін жайт), басшылықпен өтетін бірінші кездесуде бюджетті анықтап алған дұрыс. Автор-продюсер өзінің көкейінде бюджеті 150 000$ құрайтын бағдарламаны іске асыру жайында ойланып жүруі мүмкін. Ал клиент белгілі бір жобаға 50 000$ көлеміндегі бюджет бөледі. Уақыт пен ресурсты құр босқа кетірмес үшін, түсі- ніспеушілік пен реніш болмасын десеңіз – бар қаражатпен қандай бағдарлама әзірлеуге болатындығын анықтап алыңыз. Жобаны талқылай бастағанда жазушы алғашқы бағдарламада-ақ неге қол жеткізуге болатынын анықтап алсын, мүмкін болса, оңтайлы хронометражды нақтылап алу керек: бірнеше серия қажет пе, әлде бір ұзын сонар серия жеткі-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==