Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
365 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар ішкі өндірісіндегі ниетті нақтылау оп-оңай, себебі басшылық медиа бағдарлама- дан нені көргісі келетінін анық түсіндіріп береді. Бұған қоса автор аудиторияның да мақсатын анықтап алуы қажет. Егер де көптеген корпоративтік медианың бағдарламасы іспетті тренинг бағдарлама да компания қызметкерлері үшін жасалды делік, ал сол хабардан басқару жолда- рын көріп-білгісі келетін аудиторияны тапжылтпай ұстап, назарын бұру үшін не істеуге болады? Мұнда демографика екі себеп бойынша маңызды. Біріншісі – жарнама жазуға арналған мақсатпен бірдей: бағдарламаның қай түрі оқырманды не көрермен- ді қызықтырады, назарын еріксіз аударады, сол мүддеге басшылықты көндіріп бағуға тура келеді. Екіншісі – мотивацияға қатысты: оқырманның не көрермен- нің осы бағдарламаны ынты-шынтысымен тамашалайтынын анықтап алыңыз. Аудиторияның әрбір мүшесі бағдарламада қандай маңызды мәліметтің бар екенінен құлағдар болсын. Продакшнның жаңа әдіс-тәсілін меңгеру және оны қолдана білу – жолыңның ашылуына, әлде қызметіңнің көтерілуіне қолғабысы тие ме? Жаңа компьютер жүйесін дұрыс қолдана білсең, жұмыс орныңды сақтап қалуға септігі бар ма? Жаңа өнімнің саудасы қыза түссе, комиссиялық төлемнің де құны өсе түсе ме? Орта деңгейлі менеджер ретінде қоғамдық мәселелерге бел- сенді араласу үшін, жақсы мәлімдеме жасауға машықтану сыйақыға қол жеткізе ме? Институционалды ерекшелік немесе ақпараттық жарнама секілді продакшн көпшіліктің тұтынуына арналса, жазушы мақсатты аудиторияның қоғамдық де- мографикасын қолдануға тиіс. Басшылықтың көздегенін аудиторияның мотивациясымен үйлестіретін клас- сикалықүлгіні осытараудағы«Хантел/Батпантасмүмкіндік» ( TheHantel Advantage ) сценарийінен үйрене аласыз. Жазушы-продюсер Фрэнк Р. Кинг басшылыққа не жағатынын түсінді: дереу кеңсеаралық шапшаң коммуникация арқылы өнімді- лікті арттыруды көздеді. Аймақтық қызметкерлер видеоконференцияға қатысу- ға міндеттеледі, дегенмен комиссиялық сыйақы алатындықтан, бағдарламаны тамашалау үшін ерте тұруға мәжбүр болады. Кинг сценарийде екі маңызды мотивацияны қолданды. Біріншіден, қызмет- керлер тың «Батпантас/Хантел» ( Hantel ) компьютерлік жүйесін қолдану арқылы клиентпен кез келген мәмілеге келуде аз уақыт жұмсайтындарын алға тартты. Осылайша бір апта ішінде сақтандыру қызметін сатуға, қомақты ақша табуға не болмаса көбірек демалысқа қол жеткізеді. Екіншіден, таң атпай көруге қинала- тын әрі амалсыздан қарайтын жұмысшыларды қызықтыра түсу үшін видеоға мазмұнды, жеңіл-желпі әзіл-оспақты қоса кетуді жөн санады. Сонда келесі семи- нарды өздері-ақ «қуана-қуана» қарайтын тәсіл пайда болады. Ойын-сауық эле- ментін қосу – үйрету мотивациясының ажырамас бөлігіне айналды. Рожер Салливан «Сақтандыру компанияларының коммерциялық одағының» ( Commercial Union Assurance Companies ) білім беру жөніндегі директоры кезінде, тиімді корпоративтік видео сценарийлерін әзірлеуді ұсынды. Бизнес бағдарлама авторлары дайындалып жатқан бағдарламаның нақты мақсатын түсінгені маңызды. Мысалы, ересектер тобының бизнес туралы білімінарттыруға арналғанбағдарламаныәзірлеу кезінде, бізде екі аудитория бар: біріншісі – жұмыстағы өнімділіктің бір немесе бірнеше арнайы анықталған функцияларын сәтті орындау үшін қызметкерлерді тәжірибелік білімжәне қабілеттерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бағдарламаға мұқтаж ұйым. Екіншісі – орындау функцияларын мүмкіндігінше сенімді әрі сауатты жүргізу үшін өзін-өзі дамыту және қабілетін жақсартуды көздеген қызметкер. Екі аудитория да оқу уақыты, мүмкіндігінше, қысқа мерзімде
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==