Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

9-ТАРАУ 364 Бәлкім, ағартушылық пен тренинг кеңінен таралған корпоративтік мақсатқа баланар. Көптеген компания видеотренинг бағдарламаларды өз ішінде дайын- дайды. Кейбірінде бәріне сақадай-сай тұрған продакшн орталықтары, продю- серлер мен сценаристер штаты (әдетте бір адам продюсерлік пен қаламгерлікті қатар алып жүреді. Продакшнның қыр-сырына қанығып, бірақ жазуға баулитын курстарды елемей жүрген студенттер ескеретін жайт) бар. Тренинг видеолары күллі корпоративтік деңгейлер мен мақсаттар үшін дайындалады. Мұндағы бағ- дарламада жаңа қызметкердің жұмыс істейтін ортасы, ең әуелі, кадр бөліміне тіркелуі, сосын жаппай өндірісті жүргізетін машинаны игеруі, ғылымның арқа- сында пайда болған жаңа өнімді дамыта түсу секілді жеңіл-желпі шаруадан күр- делі істерге дейінгі процедуралармен таныстырылады. Видео және компьютер бағдарламалары жас хатшылардың грамматикалық сауатын жақсартуға, ал вице-президенттерді ел алдында тиянақты сөйлеуге үй- ретеді. Бағдарламалар жаңа өнімдерді таныту үшін, сонымен қатар тұрып қал- ған тауарларды сатудың соны тәсілдері, жаңа операциялық жүйелерді, есеп-қи- сап процедурасын бір сайтқа ондап, жүздеп үймелеген адамға немесе әлемнің түкпір-түкпірінде бөлімшелері жұмыс істейтін трансұлттық корпорацияның мыңдаған қызметкерлеріне қатысты жаңа бюджет пен қаржы процестерімен та- ныстыру үшін жасалады. Корпоративтік медианың тағы бір саласы – сауда нүктелеріндегі табло (POP – point-of-purchase) презентациялары. Бұл – тауарды алар-алмасын білмей абды- рап тұрған тұтынушыны арбайтын, презентация түрінде жасалған сауда нүкте- леріндегі монитор. Автор бағдарламаны тұтынушы үшін жасайды, алайда ба- зарлар болса қызметкерлеріне тауарды таныстыру үшін, сонымен қатар жаңа өнімді тиімді сату жолдарын көрсету үшін қолданады. Кейбір базарлар тек осы мақсатпен ғана келісімшарт жасасады. Демек, сценарий авторы енді шығарма- шылығында жарнама мен тренингті қатар үйлестіре білуі керек. Әйтсе де базбір форматта жазу – медиа дистрибуциясына ортақ жағдай, кор- поративтік медианың табысы тек өнімнің саудасына байланбауы да мүмкін. Ком- пания аудио болсын, видео болсын, не компьютерлік болсын бағдарламаны түр- лі мақсатқа пайдаланады: қызметкерге дем беру, қоғаммен байланысты нығайту, сауданы жүргізу, әріптесті иландыру, не болмаса оқыту мен үйретуге керек. Автор корпоративтік медиа бағдарламасын дайындау үшін компанияның басты мақса- тын нақтылап алсын. Бұл корпоративтік мақсаттардың дені жылдар бойы видео, аудио және фильм дистрибуциясына қызмет етті. Қазіргі таңда компьютердің корпоративтік қолданыстағы орны бөлек, ал интернет негізгі медиум санатында. Корпоративтік медиаға мәтін жазу – тек индустриямен шектелмейді, одан бөлек мемлекеттік мекемелер, білім беру жүйелері мен институттары, кәсіби, азаматтық қауымдастықтар мен ұйымдардың кәдесіне жарайды. Демек, ақпарат таратқысы келген, иландыруды не білім беруді, ішкі-сыртқы жағдайды жарияла- ғысы келетін кез келген топ пайдасына асырады. КОРПОРАТИВТІК БАҒДАРЛАМА МАҚСАТТАР Бағдарламаның идеясын тудыру үшін қаламгер хабардың мақсатын бір кі- сідей біліп алсын. Әдетте мұнда екі мақсат көзделеді: біріншісі – клиент немесе менеджмент үшін; екіншісі – мақсатты аудитория үшін. Негізінен, бір мекеменің

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==