Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар ТАРАУ 9 W riter’s Market дерегінше корпоративтік және ағартушылық медиа, қосақ ішінде жарнамалық, ақпараттық және тренинг бағдарламалар Холиудты жолда қалдыратын үлкен бизнес көзі екен. Бұл салаға дем берген интернет құсайды. Корпоративтік медиа бағдарламасы, арагідік индустриялық бағдарлама деп аталып жүрген бұл бағыт – осы кітапта баяндалатын барлық форматты қам- тиды. Мәселен, корпоративтік медиа бағдарламаларының қатарына ток-шоу хабар- лары кіреді: сонымен қатар белгілі бір саланың менеджерлері мен сарапшылары сауда-саттықтың жаңа тәсілдерін, өндірістік процестер мен ұйымдастырудың өз- герістерін талқылайтын бағдарламалар; киберкеңістікте екі немесе одан да көп сайт арқылы байланысатын үлкенді-кішілі жиындардың телеконференциясы; басшылардың жұмыскерлерге не бұқара халыққа жасайтын мәлімдемесі; ішкі және сыртқы дистрибуцияға қатысты компания көшбасшыларының сұхбаты; ресми білім беру және тренинг бағдарламалар. Көркем және деректі фильм форматтары компанияның имиджін түбегейлі көтеру үшін тарихи, ғылыми, қоғамдық, жедел әрі компанияның өткен-кеткенін көрсететін қызметтер ұсынады. Ақпараттық формат компания туралы жаңалық- ты уақыт аралатып, кейде күн сайын беріп тұрады. Компаниялардың бәрі жарнама мен хабарландыруды қолданады. Жаңа- лықтар, мақалалар, жарнамалар соңғы кезде infomercials ( information – ақпарат, commercials – жарнама сөздерінің қоспасы) аталып жүрген, яғни ақпараттық жарнама форматына бірікті. Бұл форматқа тұтынушы мәліметі, коммерциялық сияқты әлеуметтік сервис туралы ақпаратты қамтитын 30 секундтық қысқа жар- нама роликтерден бастап, өнім немесе қызмет түрі туралы 15 не 30 минуттық, кейде тіпті бұдан да ұзақ хронометражды бағдарламалар кіреді. Интернеттегі қалқыма терезе мен хабарландыру тақталары жарнаманың аясын кеңейте түсті. Көркем/деректі және коммерциялық форматтар қоғаммен байланыс хабар- ларын түсіру үшін бірікті. Мысалы, компания тұрмысы төмен отбасыларына ұсынатын мүліктер туралы ақпаратты толық таратқысы келсе, жарнамада жар- лы-жақыбай отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыруға көмек, қызметкердің баспаналы болуы үшін берілетін арзан несие және үй мәселесіне қатысты тағы да осындай эквиваленттегі ақпарат беріледі. Мұндай жарнама компанияның тасын өрге домалатып, өнімдеріне деген сұранысты арттыра түседі. 363

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==