Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

361 Музыка, варьете және комедия 5. «Тап-таза шықсын». Кей жағдайда сәтсіз шыққан юморды студиядағы көпшілік түсінуі мүмкін, алайда телевизияда мұқият болған жөн. Түнгі клубтарда өнер көрсететін стэндап-cықақшылардың басым көпшілігі ко- медиялық идея ретінде адам түр-тұрпатына қатысты әдепсіз, әрі бейпіл әзілдерді қолдануға бейім келетіні белгілі. Жас комедия авторлары да, дәл осылай, көрерменді сергітеміз деп шатасады. 6. «Әзілді қайталаудан қашыңыз». Қанша жерден өтімді болғанымен, ал- дында айтып кеткен әзілді қайталамаңыз. Әзіл тек бір рет айтылса жетеді. 7. «Барлығын араластырыңыз». Күлдіру үшін сан алуан тәсілді қолданыңыз. Аудиторияны таңғалдырудан шаршамаңыз. Камераның түрлі фокуста түсірілуі мен музыкамен сүйемелденген студиядағы атмосфера шоуыңыз- ға ерекше көрік беруі ықтимал. 8. «Көңілді атмосфераны сақтаңыз». Кей жағдайда аудитория өмірдің тек жарқын тұсын көруді қалайды. Өткір әзілді бұқаралық аудиторияның қабылдай қоюы екіталай. Бұл мағыналы әзілдердің өтімді еместігін біл- дірмейді. Марк Твен мен Уилл Роджерс өз қоғамының сайыпқыран са- тириктері болғаны көпшілікке аян. Жерри Сейнфельдтің телевизиядағы күнделікті шаруасы – жеңіл-желпі қалжың мен комментарий айту бо- латын. 9. «Туындыңызды тексертіп көріңіз, бірақ еңсеңіз түспесін». Туындыңызды агентке немесе клиентке сатпас немесе бермес бұрын, достарыңыз, бей- таныс адамдар, жалпы айтқанда, баға бере алатын кез келген адамға тек- сертіп алыңыз; содан кейін артық тұстарын қиып, түзеп не болмаса қайта жазып шығыңыз. 10. «Ерекше ықыласқа ие боламын деген болжамды күтпеңіз». Туындыңызды сатып алушы адамдар оның оқырманды күлдірте алатын деңгейін бай- қамайынша, күмәнмен қарауы әбден мүмкін, сол себепті қабілетіңіздің «құрметіне орай» соғылатын ду қол шапалақтауды күтіп әуреленбеңіз. 11. «Біраз ақпарат жинастырыңыз». Юмор жазу үшін әлем мен адамзат ор- тасында болып жатқан оқиғалардан тысқары қалмаған жөн. Комедия жанрында қалам тербеп жүрген басқа авторлардың жұмысын бақылап, ненің өтімді, ненің өтімді емес екендігін бақылай жүріңіз. 12. «Байланыс орната алдыңыз ба?» Юморыңыздың көздеген мақсаты қан- дай? Жай күлдіріп қоя салудан бөлек, қандай мақсатты көксейсіз? Ротберг айтқандай: «Ең әуелі аудиториямен байланыс орнатыңыз».

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==