Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
8-ТАРАУ 360 қақшының жеке тұлғасына сай жазылсын, сонымен қатар сықақшының аяқасты- нан суырып салатын дарынын ескеріп, оны да қамти кеткен дұрыс. Комедияның қай түріне жатады? Зілі жоқ қалжың ба? Сөз тапқанға қолқа жоқтың кері болса ше? Сатираға жата ма? Ерсі әзіл ме? Комедия бірнеше түрлердің элементін бі- ріктіре ала ма? Әлде ерсі әзілге, шектен шыққан юморға, орынсыз қалжыңға жол бере ме? Комедиялық стиль кеңінен тараған, қимыл-қозғалыспен жасалатын әзілдерді ме, әлде бекзада күлкіні талап ете ме? Варьете шоуды жоспарламас бұрын «варьете» терминінің түпкі мағынасына үңіліңіз. Бірін-бірі ауыстырып отыратын әр нөмір және бағдарламаның түрлі сегменттерін ажырата білген жөн. Бұл жерде контраст көрермендердің көңілін басқа нәрсеге бұрып әкететіндей маңызға ие емес, алайда бірізділік және қайта- лауға бой ұрғызбай әрі зеріктіріп алмау үшін айтарлықтай қажетті дүние. Музы- калық нөмірлер бірінің соңынан бірі қойылмауы керек, сол секілді комедиялық бағдарламаларды да қатарынан беріп керек емес. Тіпті танымал әншінің қаты- суымен өтетін шоуда да режиссерлік сценарийді кездейсоқ ойналатын қойылым немесе қонақтың өзімен толтыру қажет. Мысалы, отқа оранған дөңгелектерді өз мұрнының үстінде тең ұстау арқылы көрермендерді үрейлендірген жонглерден кейін, осы тектес фокустарды қайталайтын акробаттардың нөмірімен жалғасты- рудың қажеті шамалы. Комедия Комедиялық ситуациялар мен қысқа әзілдер жайында талай кітап жазылды, әйтсе де солардың ішінде комедияның идеяларын не комедия жазудың жай-жап- сарын жеткізгендері сирек кездеседі. Комедия жазушысы болу үшін тек кітап оқу жеткілікті емес. Әр сықақшының өзіндік «құрығы» болады. Жіті қарап-ақ, жеке техникаларын үйреніп аласыз. Кейбір кітаптарда комедия жазудың сіздің оң жамбасыңызға келмейтін (юмор туралы түсінігіңізге байланысты) жеке тәсіл- дері беріледі. Audio-Visual Communications -нің комедиядық авторы Хэл Ротберг «күлкілі жазу үшін, күлкілі ойлай білу қажет» екендігін алға тартады. Оның комедия жазушы- сына қажет кеңестері мынадай: 1. «Өз аудиторияңызды жете түсініңіз». Оқырман ерсі әзілге күле бере ме немесе орынсыз юморды қабылдай бере ме? Ситуациялық комедия өте ме, әлде қысқа әзіл ұтымды шыға ма? 2. «Кейіпкерді немесе ситуацияны юморға айналдырыңыз». Кез келген әре- кетті сипаттаған іспетті – комедия, сатира немесе ерсі әзілге көшпес бұ- рын, кейіпкерлер мен ситуациялар шындыққа жанасатындай қалыпта жетсін. 3. «Қолда бар керек-жарақты түгел қолданыңыз». Юмордың ауызекі және визуалды қалыпта жететінін есте сақтаңыз. Видеоға фильм, мультфильм, визуалды материал немесе әртістер тобын қоса аласыз. Аудио үшін саунд эффектілер қай кезде де маңызды құрал саналады. 4. «Көрпеңізге қарай көсіліңіз». Көрген-білгені аз авторлар құны удай қым- бат ситуациялар күлкілі көрінеді деп ойлайды. Арзымайтын бюджетке түсірілген Saturday Night Live шоуы қымбат креативке қарағанда әлдеқай- да тиімді шықты.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==