Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

359 Музыка, варьете және комедия оны жақсы қырынан таныту мақсатында осы элементтердің біразы дерлік қолда- нылады. Бәрін миша араластыратын, жұлдыздарсыз өтетін варьете шоу некен- саяқ. Варьетенің негізгі түрлері – водевиль (әнмен сүйемелденетін күлкілі шағын пьеса), мюзик-холл варьетесі, ревью, сықақ шоулар, өз алдына қонақтармен өте- тін бағдарлама (әдетте: әнші немесе биші), музыкалық комедия тәсілі және жеке өнер көрсету. Осы формалардың барлығы жылдар бойы телевизияда алма-кезек көрсетілгенімен, бірінің дәуірі туғанда бірі ығысып жатты. Варьете шоу – алуан түрлі көрінестердің жүйесіз қоспасы емес. Телевизия та- рихында тұңғыш рет көпшілікке танылғанм « Ed Sullivan Show » водевиль бағытын- дағы түрлі көріністерді біріктіріп, нақты бір тақырыпқа иек артты. Водевиль мен мюзик-холл варьетесі, негізінен, ұқсас келеді, олардың екеуі де түрлі актілерге негізделген. Ревью музыка мен бидің төңірегінде ұйымдастырылады, әрі мұнда сықақшылар музыкалық нөмірлер арасындағы өткелдер мен режиссерлік сцена- рийді реттейді. Сықақшы басымдық танытатын шоу – комедиялық және негізгі орындаушы- дан тұруы мүмкін, әрі мұнда түрлі қонақтар мен стандартты актілер де қамты- лады. Әнші өз туындыларын комедиялық скетчтер немесе қонақтардың қаты- суымен өтетін сахналарда орындай алады, осылайша бір орындаушыға шоғыр- ланған ревью жасақталады. Мұндай шоулардың режиссерлік сценарийі солғын көрінгенімен музыкалық ревьюге айналады. Тізбек кез келген мақамға негіз бола алады: бір композитордың әні – ұлттық мереке, тарихи оқиға, танымал әртістің өмірбаяны, оқиға орны. Водевиль верьете шоуы америкалық телевизияға оңай бейімделді. Осы тектес шоуларға сирек қатысатын қонақтар мен әртістерді таныстырып, сұхбат алатын жүргізушілердің орнын басты. Бағдарламаның басым бөлігі жүргізуші мен қо- нақ арасындағы қалжыңдасумен өтетіндіктен (сонымен қатар бұл сегменттерде жүргізуші мен қонақ елдің көңілін көтеруші басты тұлғаға айналады), мұндай типтегі бағдарламаларды ток-шоу немесе сұхбат деп атап кеткен. Әрине, кез кел- ген бағдарламада мың құбылған сахналар, сан түрлі варьетелер комбинациясы болуы мүмкін. Осы бағдарламалардың кейбірі интернеттің арқасында күрделе- не түсті. Енді көрермен экран бетіндегі белгілерді басу арқылы қонақтар туралы және басқа да материалдар жайында ақпарат ала алады. Тәсіл және ұйымдастыру Варьете шоу авторының есінде сақталуға тиіс ереженің төресі – шоуды шашы- ратпай ұстап тұратын темірқазығы болсын. Бағдарламаның бар бөлігін ұйысты- ратын маңызды тақырыпты өрбіте білгеніңіз абзал. Олай болмаған жағдайда, әр нөмір өз бетінше лағады, сонымен қатар келесі актінің қандай болатынын білетін көрермен басқа радиоға, арнаға немесе сайтқа ауып кетеді. Мақам сан алуан бол- са игі, режиссерлік сценарийдің факторы ретінде жүргізушінің, сықақшының немесе әншінің жеке тұлғасын танытуға жарайды. Ал водевиль мен мюзик-холл- дың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл шоуларда аудитория алда қандай көрініс бола- тынына жиі-жиі қанығады. Автор варьете шоу шеңберінде түрлі бағдарларды анықтап алуы керек. Му- зыкалық бөліктер танымал нөмірге немесе тың нөмірдің қайсысына иек артады? Билер классикалық стильде көрсетіле ме? Модерн бе? Мүмкін презентация ре- тінде шығар? Бейнелеу өнері ме екен? Әлде түсіндірме сияқты ма? Комедия сы-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==