Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

8-ТАРАУ 358 онлайн музыкалық сервистер өз қызметтерін дамыта бастады. Жефферсон Грэм USA Today басылымына жазған мақаласында, бұл сервистер туралы былай деп жазады: «Тінтуірді бір шерту арқылы кез келген жерде, кез келген уақытта күллі әлемді музыкаға бөлеуге тырмысып, олар құдіретті музыкалық автоматқа айнал- ғысы келетіндердің арасында бәсекелесуде». Бар-жоғы бірнеше жылдың ішінде оның айтқаны шындыққа айналды. 2000 жылғы экономикалық құлдырау кезінде интернеттік радиостанциялар- дың өсуі, спутниктік және кабельдік радионы тығырыққа тіреді. Sirius және XM спутниктік радиолардың бірігуі дәстүрлі музыкалық радионың ойын алаңын одан бетер өзгертті. Бұл бірігуден соң, SiriusXM өз қосымшаларының iPhone және iPod құрылғыларында миллионнан астам рет жүктелгендігі туралы ха- барлады. Интернеттік радиодағы интерактивті бүйір панельдер аудио және музыкалық индустрия үшін жаңа аудиторияны құрды. Тыңдаушы кез келген уақытта өзі қалаған орындаушыны немесе музыкалық стильді таңдайды. Әркім өз қалауына қарай жеке плейлисін құра алады. Сонымен қатар интернет орын- даушылар туралы анықтамалық ақпарат, альбомдарға шолу, бұған дейін қо- лымыз жете бермейтін музыка түрлерінің шығу тарихы және осы тектес мате- риалдарды қамтитын сайттарды қолдануға жол ашты. Шектеуі жоқ музыкалық форматтарды қолдануға жағдай жасады. Тыңдарман дижейге не бағдарлама продюсерінің өзіне шығады, өз ойымен жан-жақты бөліседі. Соның арқасын- да интернет радиосы дәстүрлі радиоға қарағанда өз тыңдаушысының көңілін таба алады. Абсолютті икем – бұл бірнеше тыңдаушыға өз радиостанциясын баптауға мүмкіндік беретін бірнеше сілтемесі немесе сайты бар арналарды не болмаса сервистерді қамтитын музыкалық интернет сервис. Автор интерактив- ті таңдау орнатады, тыңдаушы тыңдайтын әндерін, соның ішінде музыкалық стиль түрін, орындаушыны және белгілі бір музыкалық нөмірді өз ырқында ұс- тайды. Кейбір дыбыс режиссері интернеттегі музыканың көшін алға жылжыт- ты, музыка мен графиканы біріктірді. ВАРЬЕТЕ ЖӘНЕ КОМЕДИЯ Жазушы кітаптың бір тарауын оқысын, мейлі, сан мыңдаған кітапты шолып шықсын, бәрібір комедия жанрын мықты меңгерген жазушылардың дарынын немесе қабілетін игере алмайды. Дегенмен варьете бағдарламаcын дайындау не- месе әзіл-сықақ жазудың кейбір базалық тәсілдері, соның ішінде драма, музыка және комедияның элементтерін меңгереді. Бағдарлама түрлері 1980 жылы эстрадалық шоулар түгелдей телевизия экрандарынан түсіп қал- ды. Кезінде атаққа шыққан шоу мәртебесіне ие болған бағдарламалар саны қыс- қартылды. Варьете бағытындағы шоулардың элементтері Tonight Show with Jay Leno , David Davidman Show және тағы да басқа түнгі ойын-сауық бағдарламала- рында әлі күнге қолданылады. Бұл бағыттың болашақтағы қажеттігі туралы ке- сіп айту мүмкін емес, дегенмен эфир сценарисі бәріне дайын болғаны ләзім. «Варьете» термині – әнші, биші, сықақшы, комик, шекспирлік актер, қуыршақ әртісі, вентрологист, пианист, рок-топ секілді ойын-сауық түрлері мен өнердің бірнеше элементтерінен тұрады. Бағдарламаның басты кейіпкеріне байланысты,

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==