Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

8-ТАРАУ 356 «Big N Bad» – Kid Sister үшін ерекше туынды, әрі өзіндік идея мен Fool’s Gold эстетикасын ұсынатын хард әрі эпикалық трек. Жалынды трек видеосында аяғын тең басқан эйфориялық әрі тартымды визуалды эффектілердің болуы керек-ақ. Мәтіндегі орасан энергияның өзіме дем бергені соншалық – тіпті басқа тұстары, бойыңды ерітіп әкететін мелодиясы және қайырмасына дейін мені еліте түсті. Мен поп/би жанрындағы музыкалық клиптердегі қатып қал- ған таптаурыннан айналып өткім келеді, оның орнына Чикагоның құмды әрі қаз-қалпындағы фонына назар аударуды көздеймін. Бұл туындыда Chi-Town ауданынан шығып, әлемді кезіп жүрген қыздың бір күндік өмірін бейнелеу ар- қылы Kid Sister қиялыңызды бастан-аяқ «жаулап алады». Біз түсірілімді Kid Sister-дің Hot Dougs маңында сәнді киімге оранып, доста- рымен бірге келе жатқан сәтінен бастаймыз. Стадикамдағы камера оларға баяу ырғақта ілесіп жүреді, кейін біз әннің бірінші шумағы қосылғанда мей- рамхананы көрсетеміз, әрі артқы планда достары тапсырыс беріп тұрады. Біз Hot Dougs- тың ішкі және сыртқы декорацияларының түсірілімдерін бөлетін боламыз, себебі қала атмосферасы мен қаланың белгілі нысандары, расы- мен де, Чикагода түсірілгендігін аңғартуға тиіс. Слоу-моушнда түсірілген сах- налар, әннің мәтініне сай келетін түрлі ракурстар мен кадрлар атмосфераны жеткізіп тұрады: Kid Sister Чикаго стиліндегі өте дәмді хот-дог жасайды («ain’t nobody makin’ shit quite like me, quite like this»), артқы фонда тамақ әзірлейді, хот-догтарды пісіреді, ізінше ыстықтан терлейді («grab a towel throw it in, throw it up»), үстел басында отырған бір топ бала қағаздан жасалған ыдыстарын жо- ғары көтереді («rep yo click, rep your spot») және солай жалғасып кете бере- ді. Қалған шумақта Hot Dougs алдындағы түсіріліммен жалғасады. Сонымен қатар осы көріністе ауданның архитектурасы көрсетіледі, әрі орындаушының реакциясына ерік беріледі. Бірінші қайырмасы басталған уақытта Hot Dougs ішінде орындаушы мен мас- совка көрсетіледі. Кең ракурсты камера арқылы ауызбіршілік пен бірліктің рухын байқауға болады. Камераның үздіксіз қозғалуы видеоның қарқынын сақтап тұрады, себебі біз шынайылық пен орындаушының харизмасына ден қоямыз. Екінші шумаққа келген кезде орындаушының Чикагоның Оңтүстік бө- лігіндегі өзі өскен ауданына көлікпен келіп тоқтайтын сәтін бейнелейміз. Көшені аралап келе жатып екінші шумағын айтады. Мұндағы тұрғындардың энергиясы мен мәдениетін көрсету – аталмыш туындыдағы маңызды элемент. Кейін Kid Sister өз әнін орындап тұрғанда, оның артында музыканың ырғағына қосыла билеп тұрған массовканы көреміз. Мұндай кезде камераны төменірек қойып, энергияны барынша толық көрсету керек. Кейін бұл кадрлар орындау- шының Hot Dougs алдында түсірілген сәтімен жалғасады, сонымен қатар өз үйінің алдында көңіл көтеріп жатқандығы және тағы басқа да жерлерде тү- сірілген қосымша кадрлармен толықтырылады. Сосын екінші қайырмада Hot Dougs ішінде билеп жатқан массовканың кадры берілетін болады. Kid Sister соңғы шумақ пен қайырманы орындайтын тұста біз оның жергілік- ті хип-хоп орындаушылар жиналатын орынға (« 8 Mile» фильміндегі The Shelter секілді) келе жатқандығын бейнелейміз. Үстіне худи киіп алған ол – сахнаға шығып соңғы шумағын айтады, ал оның өнерін тамашалап тұрғандар қолда- рын жоғары көтереді. Соңғы жағында атомосфера бұрынғыдан бетер қыза

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==