Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

355 Музыка, варьете және комедия ықпалын тигізетін оның құлшынысы мен мінез кескіндерін танудың жақсы мүмкіндігі. Сеніміне кіру маңызды-ақ, бірақ олардың дегеніне еріп кете беруге болмайды. Сізге тиесілі шаруа – орындаушының көңілінен шығатын, жанын жай таптыратын концепция құру. Сонымен бірге кадрдағы суреттер мен фотоларды да көрсету – орындаушы мен дыбыс студиясының басшысын қаратудың тиімді тәсілі. Мен орындаушылардың мәтіндеріне визуалды метафора ойластыра отыра, оларды жігерлендіргенді жақсы көремін. Мысалы, Kid Sister -дің Big N Bad деген әнінде «rep yo click, rep your spot» деген жолдар бар. Аталмыш әнде әншінің тұрғылықты жерімен мақтанатын тыңдарманымен сөйлесуі бейнеленген. Видеода Чикагоның атақты нысаны Hot Dougs -тың ішінде Kid Sister мен пластикалық стақандарды тост ретінде аспанға көтеріп тұратын клиенттер мен қызметкерлер көрсетілген. Kid Sister -дің қай жерден шыққандығын айқындау үшін «Чикагоға қош келдіңіз!» деген тақтайшаның алдына тұрғызбай-ақ, осы көрініспен жеткізу көңілімнен шықты. Көңіл аударарлық музыкалық тритмент жазу көп уақытты алады, ең абзалы – аз бюджетке музыкалық клип түсіргісі келетін музыкант достар немесе тәуелсіз суреткерлердің тәліміненөту.Мұндайжаттығуларкөкейіңізде креативті идеялар тудыртуға итермелейді, себебі жалт-жұлт еткен кадрлар немесе арнайы эффектілерге тектен-текке қаражатыңызды жарата алмайсыз. Кейде сіз дайындаған тритменттің құны қымбат шықса, студия бірге жұмыс істеуден бас тартуы мүмкін. Жақсы жазылған клиптің тритментінде ерекше қолтаңбаңыз қалсын, сол әнді дәл сіздей ешкім түсінбейтінін оқырманға иландыру қажет. Төменде Рик Кордер жазған клиптің тритмент үлгісі көрсетілген. (BIG N BAD СУРЕТІ KID SISTER Рик Кордер клипінің тритменті)

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==