Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

8-ТАРАУ 354 нылған идея немесе тарихтан, сонымен қатар орындаушы топтың шығу тарихы- нан немесе кейіпінен, тағы басқа нәрселерден таба аласыз. Қарапайымдылық көп жыл бойы бағдарлама жасаудың кілті саналып келді, соның ішінде оркестрдің түрлі бөліктері мен мүшелеріне визуалды концентра- ция жасау, рок орындаушының өз денесін айналдыруы және баллада әншісінің мимикасын көрсетуі қалай бар солай көрсетілетін. Мұндай қарапайым тәсіл тек белгілі бір мезетке дейін жарайды, алайда бір немесе екі нөмірден асатын пер- форманс үшін визуалды қамту үдерісі қайталамалы әрі зеріктіргіш бола баста- ды. Қысқа үзінділер, еркін формалар, драмалық жағдайлар, суреттер және кар- тиналар, архитектуралық композициялар, түстер мен ракурстар комбинациясы, сонымен қатар цифрлық эффектілердің калейдоскобын қамтитын музыкалық формалар «қатып қалған» шаблондарды бұзды. Пантомима және би секілді өнердің басқа түрлері музыканың визуализация- сын түсіндіре алады. Жансыз заттар мен формалар шындыққа негізделген немесе негізделмеген контент пен сезімді көрсете алады. Пейзаждар, адамдар, орындар, әрекеттер мен оқиғалар түрлі экологиялық, қияли және психологиялық мағы- налар мен көңіл күйді көз алдыңа әкеледі. Продюсер әрі музыка мұғалімі Патрик Криванектің айтуынша, тәжірибелі продюсерге сценарийлер немесе кадрға бөлу процесін ұсынудың қажеті жоқ, продюсер таспалануға тиіс музыкалық нөмірдің мәнінен құралған идеялар негі- зінде жұмысын істесін. Криванектің айтуынша, бұл жұмысқа бекітілген режис- серлер «мартиниге арналған бокалдың бүйірінен қанат шығарады» екен. Қызметке енді кіріскен жас сценарист-продюсерге сценарий немесе кадрлау- ды дайындау міндеті артылса, бәрінен бұрын тритментке (treatment) жүгінсін . Scorched Earth Productions продюсері Жоэл Д. Хинман: «Мол тәжірибемнен түй- генім, сәтті шыққан тритмент арнайы визуалды тілге экранизацияланады. Мы- салы, орындаушы үстіне не киім киетінін білгісі келеді. Егер сізде таңдау болса, тиянақты болыңыз». Музыкалық видео автор Эрни Фрицтің айтуынша, жас жазушы, ең әуелі, тү- сірілім жасайтын компанияның видеоны қандай мақсатта кәдеге жарататынын анықтауы керек. «Ән бұған дейін эфирге шығып қойса, онда аса бір инновация- лық видео өнерді іздеп әуре болмайды. Видеомен сүйемелдеуді көксейді. Әйтсе де көздің жауын алатын видео сұрап қалуы мүмкін, өйткені эфирден көп беріле қоймаған дүниенің тасын өрге домалатуды көздейді. Жазу тәсіліне келсек, видео- ның тритментін бастамас бұрын әнді әбден мұқият тыңдап алу керек. «Музыка мен мәтіннің нені жеткізгісі келетінін жан дүниені аралатып, санадан өткізуге тырысыңыз, кейде музыка мәтіндегі мазмұннан гөрі басқа жаққа лағып кетеді. Музыка мен мәтіннің баяндау қалыбын көкейге түйіңіз», – дейді Фриц. Рик Кордеро – қазіргі заман музыкасы мен клиптердің авторы, продюсер. Ол видеоклип авторларына арналған мынадай тәсілдер мен амалдарды ұсынады. Музыкалық клиптің сценарийінжазу –жарнама мен нарративті сценарий арасындағы шығармашылық процесс. Бұл процеске білек сыбана кіріспес бұрын, өз идеяларыңызды орындаушымен және дыбыс жазу студиясымен талқылап алған жөн. Қайткен күнде де – өз үніңіз қалсын! Күрделі локацияларды суреттегенде камераның әрбір қозғалысында қолтаңбаңыз көрініп тұрсын. Егер музыкалық клипке сценарий жазушы ретінде таңдалсаңыз, демек, сіздің бұрынғы жұмыстарыңыздың орындаушыға ұнап, жеке стиліңіз немесе дыбысты жаза білу қабілетіңізді өз видеосына пайдаланғысы келгендігі деп түсініңіз. Орындаушымен әңгімелесу – өнімнің нәтижелі болуына үлкен

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==