Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
349 Музыка, варьете және комедия KISS 108 ACCUTIME...(қолсағат маркасы) Q-ROCK POWER ХИТТЕРІ... LITE 92 FM-ДЕ КҮЙДІҢ ТӨГІЛУІ ... Позиционер – тыңдарманға радиостанция туралы әрі радиоқабылдағыштағы жиілік туралы ақпар береді. Мысалы: БОСТОННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҮЗДІК РОК-РАДИОСЫ... БЭЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕҢЖАҒЫМДЫ ҮН... Ал промо болса, радио жұмысын алға бастыру үшін қызмет етеді. Мысалы: 96-ЖЫЛҒЫ ХИТТЕР СІЗГЕ ӘР 96 МИНУТ САЙЫН 96$ ҰСЫНАДЫ... ӘР ТҮН САЙЫН САҒАТ ТОҒЫЗДА 1080 АМ ЖЕЛІСІНДЕ СПОРТТЫҚ ТОК-ШОУЛАРДЫҢ ҮЗДІК ШЫҒАРЫЛЫМДАРЫ… Кейт осындай режиссерлік сценарий жазғанда үнемділіктің маңызына тоқ- талады. Автор уақыт пен кеңістік шектеуін ескерсін. Автор әркімнің көңілінен шығатын қисынды әрі нақты жазылған, бір сөйлемнен аспайтын, қарапайым, ресми түрдегі мәлімдемелерді дайындасын. Бұл мәлімдемелер бағдарлама эле- менттерінің арасында қолданылады және «drop-ins» (керек дерек) деп аталады. Дижей лидке дейін, әнді таныстырғанша сөйлейді және лайнерді тура сол уақыт- қа дейін оқиды. Кейттің пікірінше, сәтті форматтағы және дұрыс жоспарланған шоуда жарнама әрі төтесінен қосылар материал да болмайды. Дижей лайнерде қалай жазылған және қалай тұр, дәл солай айна-қатесіз, жаңылыспай оқысын. Сол себептен де режиссерлік сценарий авторы поп-музыкалық хабардың өзегі саналады. Флорида штаты Майерс портындағы WINK-FM радиосының бағдарлама ди- ректоры Чад Руфер радио саласына енді аяқ басқан, тәжірибесі жоқ эфир жүргі- зушілерінен режиссерлік сценарийдің жазбаша түрін талап еткен. Нәтижесінде ол тәжірибелі дижейлердің музыканы, процедураны және аудиторияны жақсы танып алғаны соншалық – олар еш жазба материалсыз жұмыс істеуге қабілетті екендіктерін байқайды. Дегенмен барлық бағдарламаға «шоу дайындығы» фор- масы мен музыкалық журнал қажет-ақ. Дижейлердің студияға еш дайындықсыз келіп, шоуды қалай болса солай жүргізетін уақыты атам заманда өтіп кеткен. Ру- фер аз дайындықты қажет ететін түскі бағдарламаның қысқаша баяндау парағы немесе жоспары, сонымен қатар бір шоудың қысқа және музыкалық журналы қамтылған төмендегідей үлгілерді ұсынды:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==