Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
8-ТАРАУ 348 «Тұсаулы» диктордың күні біткен. Сыңғырлаған дауыс дұрыс па, әлде тез-тез сөйлегенді құп көреміз бе? Бүгінгі табысты радиостанция үшін тапқыр әрі тартымды тұлға аздық етпей ме? Түрлі айла, қулық, форматтар, көзқарастардың барлығы дерлік әртүрлі формада сыналып көрді. Кейбірі өз шегінде жемісті болып көрінді. Диктордың эфир алдында қиналып тұруы оның жұмысына кері ықпалын тигізеді, себебі ойға батқан әрі құдды бір белгісіз жан секілді күйде көрінуі мүмкін. Бұл әсіресе нақты бір «форматқа» тәуелді радиостанцияларға қатысты. Қоғамда өзіндік орны бар станциялардың арнайы бір форматқа немесе басқа да тәсілдермен шектелмейтінін білеміз. Көпшілікті тартудың кілті – аудиторияға жиі-жиі ақпарат ұсыну, режиссерлік сценарий (музыка мен тұлғаны кіріктіріп) дайындау және аудиторияның көңілін табу. Дикторларымыз күн сайын қысқа жазбаларға толы буманы, жеке зерттеулер, тыңдарман тарапынан келген хаттар легі, ақпараттық және спорттық дереккөздерден алынған хабарларды эфирге дайындайды. Дикторлар эфирге шыққанша жаңалықтармен танысып, спорт әлемінде не болып жатқанын, сол күнгі немесе сол аптадағы қоғамдық іс-шаралардан, кез келген маңызды оқиғалардан құлағдар болып тұрады. Жалпы, музыканы дайындау мерзімі күн сайынғы эфирлік уақыттың 50%-ын құрайды. Төрт сағатқа жалғасатын бағдарлама екі сағаттық дайындықты талап етеді. Себебі музыка тізімі алуандық пен біркелкілікті көрсетуі қажет: ырғақты музыка, ерлердің вокалы, қаумалаған оркестр, қыздардың вокалы, комбо немесе варьете, топтық вокал, сосын осы ізбен қайыра оралу. Үйреншікті қалыпты бұзатын ерекшелікті, жаңашылдықты не басқаны дижей алып шығуға тиіс. Бұлай «бүйректен сирақ шығарудың» қисыны болуы керек және мұны эфирде түсіндіріп өткен жөн. Төрт сағатқа созылатын тиімді, ақпаратты, кәсіби шоу, әлде адамның қиялын елітіп һәм қызығушылығын оятатын шоуды пысықтауға ұйымдастырушылар тура төрт сағаттық дайындық жұмыстарын жүргізеді. Жай-жапсар бір сағат ішінде хабардар етіледі. Мен дайындық турасында бір жарым сағат ішінде білсем, тыңдарман келесі күннің түскі мезетінде білетін болады. Дайындығы, жиған-тергені, әлемге деген шынайы қызығушылығы, ақпаратты алу және құлақтандырсам деген құлшыныстан жұрдай хабар таратушының қабілетсіздігі көрініп қалады. Сосын түрлі қулыққа салады... Бірсарынды соқпақтан шықпайды... Аудиторияны көрер көзге алдап соғады. Олардың дәурені ұзаққа бармайды. Белгілі бір поп-музыка бағытындағы дижейлер бәрінен хабары бар марғасқа маман болуы қажет. Салалық журналдар – поп-музыка бағытындағы бағдарла- маларға дереккөз жинаудың стандартты түрі. Радио мен таспаға жазу, касса, бил - борд және варьете күллі бестселлер жайында, сонымен қоса сатылым рейтингі мен музыка түрі туралы мәлімет береді. Бұдан бөлек тұлғалардың ғұмыр жолы, жаңалықтары және әртістер туралы очерктер береді. Топ-40 шоу үшін рейтинг- тің орны бір бөлек. Дегенмен салалық журналдардан алынған ақпарат барлық форматтағы бағдарлама ұйымдастыруға, тіпті керек жерінде мазмұнды режис- серлік сценарий дайындауға жарай бермейді. Жылдар бойы радиода басшылық қызмет еткен, профессор және көптеген кітаптың авторы Майкл К. Кит PSA-ның (public service advertising – әлеуметтік жарнама науқаны) сценарийлері мен жарнамадан бөлек, поп-музыка шоуына арналған үш материал түрін сипаттайды: «лайнер», «позиционер» және «про- мо». Лайнер – диктордың не дижейдің бағдарламада айтатын нақты мәлімдемесі. Мысалы:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==