Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
347 Музыка, варьете және комедия Поп-музыка бағдарламалары Поп-музыкада санаулы ғана шоудың дижейлері жазбаша режиссерлік сцена- рийді әзірлейді, бұл дайындықсыз шығуға болмайтынын білдіреді. Әрбір шоуда жарнама роликтері мен хабарландырулардың қалып кетпесіне көз жеткізу үшін сценарлық жобаның қысқаша түйіні не нобайы болады. Кемінде мұнда поп-му- зыка бағытындағы бағдарламада өткен аптада көп тыңдалған әндердің табуля- циясы қамтылған арнайы плейлист болуы керек. Мұның ішінен дижей, трафик менеджер немесе фонотека операторы белгілі бір шоудың музыкалық форматы- на сай келетін әндерді таңдап алады. Арнайы бағдарлама түсіріліміне еш дайындықсыз келіп, кәсіби шоудың әрін кіргізетін, жандырып жіберетін дижей аз-ақ. Арасында кейбіреуі музыкалық нөмірлерге қатысты керемет ойлар айтып, дембіл-дембіл ұсынып, өзара байла- ныстырып, емін-еркін алып шығуы мүмкін. Өкінішке қарай, дижейлердің басым бөлігі «әлін білмеген әлектің» кебін киіп, қолдарынан келмейтін істі жасай ала- мын деп ойлайды. Импровизацияға сала беру кейде іш пыстырып, бір орында тұралағандай не абыржытатын күйге жеткізеді. Табысты дижейлер бастан-аяқ импровизацияға салынуға көп бара бермейді. Сенім артатын дайындығыңыз бола тұра, басыңызды қауіп-қатерге тігудің қандай қажеті бар? Колумбия округі Вашингтон қаласындағы WMAL радиостанциясының бас менеджері Гарольд Грин өзінің музыкалық бағдарламаларына қажетті дайын- дық жұмыстарын, соның ішінде режиссерлік сценарий ретінде қолданатын ма- териалды жинау және өңдеу ісін толығымен сипаттады: «Мен жатарда...» (As I Lay Me Down) / Sophie B. Hawkins 4:39 «Бомбастик» (Boombastic) / Shaggy 4:10 жаңалықтар 2:00 «Сырт айналу» (Run-Around) / Blues Traveler 3:08 «Ол мендік» (He’s Mine) /MoKenStef 3:10 «Сен түзелгенше» (Til You Do Me Right) /After 7 3:53 «Айтшы» (Tell Me) /Groove Theory 3:35 «Қалдырып кет мені» (Roll To Me) /Del Amitri 5:04 жаңалықтар 2:00 Brokenhearted/Brandy 4:30 «Тықыр таянды» (Here Comes Trouble) /Small Town No Airport 4:10 «Желдің бояулары» (Colors of the Wind) / Vanessa Williams 3:02
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==