Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
345 Музыка, варьете және комедия Ұйымдастыру және әдіс-тәсіл Варьетенің ойын-сауық бағдарламасының элементтерін аңғартатын кез келген музыкалық бағдарлама үшін маңызы зор. Бағдарламаны аудиторияның көңілін аулайтын дүниемен бастаңыз, бойыңызды сәл еркін ұстаңыз да, ізінше шарықтау шегіне дейін жетуге тырысыңыз. Тыңдарманға кез келген жерде ырғақтың өзге- рісін байқату қажет; нағыз қызған кезіне жеткеннен кейін тыңдарманға дем алуға мүмкіндік беріңіз, кейін бұдан да қыздыра түсіретін деңгейге жеткізіңіз. Дижей–продюсер–автор жарнама роликтерінің продюсері мен авторы се- кілді міндетті түрде ықтимал аудиторияға анализ жасасын. Аудиторияны қы- зықтыратын музыка ұсынылса да, станцияның форматы мен имиджі белгілі бір аудиторияға арнап дайындалады – бағдарлама аудиторияны кемсітпеуі немесе төмен деңгейдегі талғамды мақұлдамауы керек. Дижей–продюсер–автор таны- мал музыкаға деген талғамды қалыптастырады және оны анықтайды. Музыка- ның қандай түрі қолданылатындығына қарамастан, солардың ішіндегі үздіктің үздігін ұсыныңыз. Аудитория үздік санайтын туындыларды қалай таңдайсыз? Бұл аудитория арасында қандай әндер мен орындаушылар ерекше сұранысқа ие екендігін анықтап алыңыз. Бірден-бір жол – чарттарға көз жүгірту. Музыкалық форматы жақса ғана тыңдарман сол бағдарламаны тыңдауға ты- рысатыны қаперден шықпасын. Тыңдау себептері алуан түрлі болуы мүмкін: демалу, ойлану, үйрену, билеу, жұмыс істеу кезінде тынығу үшін, ойын кезінде ойды нығайту үшін немесе тағы басқа мақсаттар болады. Осылайша тыңдарман музыканың бір түрін қолдануға дағдыланады. Дегенмен айта кетерлік бір жайт, Бетховенді кантримен немесе рэпті ішекті квартетпен араластыру аудиторияны өзіңізге қаратудың және оны баурап алудың тиімді тәсілі емес. Оған қоса, бағдар- ламаны ұйымдастыру және режиссерлік сценарийі орындаушының, музыкалық топтың, вокалистің не дижейдің болмысына сайма-сай болсын. Арагідік режиссерлік сценарий «жеріне жеткізетін» оркестрмен, «вокалда құйқылжытатын» әншілермен, «суырып салып төгетін» пианистермен, «сексен сегізінде де» күй шертетін, сонымен қатар «жалынды» «ғаламат», «нәзік», «жара- тын», «атышулы» немесе «жылтырақ» әндермен шектелетіндей көрінеді. Өткел немесе беташар лидті айту кезінде қарапайым әзіл немесе ойындарды қолдану- дың тізесі шығып кетті. Қазір бұрынғыдай емес, «Келесі нөміріміз үшін» немесе «Бүгінгі плейлисте кезегі келіп тұрған» секілді сөйлемдердің қолдану аясы та- рылды. Мүмкін басқа таңдау қалдырмайтын шығар? Ерекше тың немесе қара- байыр көрінбейтін бір дүние ойластыра алмасаңыз, қарапайым күйінде қалдыра салыңыз. Шоудың хронометражы нақты болсын, хабардың ұзақтығына әсер ететін му- зыкалық үзіндіні, режиссерлік сценарийді және жарнама роликтерін үйлестіру қажет. Мұның барлығын қысқаша түйінде белгілеу керек. Әр дыбыстау немесе таспалаудың арнайы уақыты бар. Әр жарнама ролигі арнайы уақытқа сыяды. Өткел мен беташар сөзге уақыт бөлуді ұмытпаңыз. Мынадай қысқаша түйін жиі қолданылады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==