Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
8-ТАРАУ 344 Мақам Белгілі бір музыка түрімен ұйыстырудан бөлек, кейбір музыкалық бағдарла- малар тұлға, оқиға, мекен арқылы, яғни бірлікке ұмтылдыратын әмбе фактор- лар секілді, ортақ мақам төңірегінде дайындалады. Сценарий немесе режиссер- лік сценарийдің қысқаша мазмұндамасын дайындайтын автор жоғарыда атал- ған ортақ мақамдарға арқауды көп жерден таба алады. Мысалы: арнайы күндер, мемлекеттік мерекелер, композитордың мерейтойы, танымал әншінің жаңа ки- носы, отандық немесе халықаралық оқиғалар махаббат, соғыс, жунгли, шытыр- ман, коррупция, есірткі және тағы да басқа нақты мақамдар ұсынады. Музыка- лық іріктеулердің өзара қатынасы анық болсын, ал музыкалық емес өткелдер сол қатынастарды көрсетуге тиіс. Келесі сценарий белгілі бір мақам төңірегінде классикалық музыка негізінде таспаланған бағдарламаның режиссерлік сценарийін көрсетеді. ДИКТОР: Бүгінгі бағдарлама келесі жұмадағы Хэллоуинді мерекелеуге арналған, сонымен қоса тылсым музыканың ерекшеліктері жайында болмақ. Ең танымал мысалдардың бірі – Лео Делибтің «Коппелия» ( Coppelia ) балеті, мұнда аттастырылып қойған бозбала Франц бүгінде гуманоид деп атап жүрген механикалық қуыршақ Коппелияға ғашық болады. 1870 жылы Парижде тұңғыш рет орындалған «Коппелия» музыкасынан бірнеше үзінді естиміз. МУЗЫКА: «Коппелия» ДИКТОР: Игорь Стравинский аяқталмаған «Бұлбұл» (The Nightingale) операсының бірінші актісін жазды, кейін ол мұны «Бұлбұл әні» (Song of the Nightingale) симфониялық поэмасын жазуға қолданды. Қытай императоры механикалық кейіптегі бұлбұлды қош көрмейді. Алайда кейін император хал үстінде жатқан кезде бұлбұл қайтып оралып, оның рухы мен өмір сүруге деген құлшынысын арттыру үшін әндете жөнеледі. МУЗЫКА: «Бұлбұл әні» ДИКТОР: Каталинидің «Лорелей» (Lorelei) операсы Рейн өзенінің жартасын мекендеген мифологиялық азғырушы әйелдердің кінәсіз теңізшілерді алдап түсіруі туралы. «Лорелей» операсынан «Су нимфаларының биін» (Dance of the «Water Nymphs») тыңдап көрелік. МУЗЫКА: «Су нимфаларының биі»
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==