Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
8-ТАРАУ 342 формат ұсыну арқылы жаңартылды. Маңызды тұлға қатысар болса, дижейлер көп уақытын режиссерлік сценарий дайындауға жұмсайды. 1990 жылдарда ересектерге арналған қазіргі заманғы радиостанциялардың күні туды, дәл сондай басымдыққа ие болған MOR (middle-of-the-road – белорта- ны ұстау) радиолары 1970 жылдары тоқтап қалған болатын. Мұнда қолданылған тәсіл бірдей – дыбыс деңгейі, уақыт, ырғақ немесе техникасында ешқандай шек жоқ «ересек» музыка. Ұрпақтан-ұрпаққа таралатын музыка талғамының өзге- руіне қарай, дыбыс және орындаушылар да өзгеріп отырды. Ересектердің қа- зіргі заманғы радиостанциялары жеке-дара тұлғаға бағытталған, ал диктор-ди- жейлер жергілікті, тіпті аймақтық селебритиге айналды. Алайда консолидация артқан сайын (конгломераттар бір бағдарламаны қашықта орналасқан бірнеше станцияларға жібереді) кезінде деңгейі биік болған сол жергілікті өсу, бүгінгі таңда тоқтап қалды. Рок енді-енді шыққан кезде аражігін ажырату оңай еді. Хард-рок, андеграунд, эйсид-рок және рок топтың басқа да тармақтары рок форматын ұстанатын стан- циялардан икемділікті талап етті. 1960 жылдары кейбір рок мәтіндердің әлеу- меттік-саяси табиғаты тек ырғақ пен дыбыс деңгейіне баса назар аударудан гөрі, жұмсақ естілуді қажет етті. Джаз бен фолк-рок көптеген әртісті кантри мен рок комбинациясына жетеледі. Маманданған тип тармақтары пайда болды және 1990 жылдарға таяу эфирде Битлз бастап берген жаңа эволюциялар басымдық танытты. 1990 жылдары жастардың 1980 жылдардағы теңсіздік пен қатыгездікке қарсы ереуілдерді бастауы себебінен, қазіргі заманғы музыка тағы да саяси астар- ды аңғартты. Алайда бұл жолы музыканың үні зор әрі қатаң шықты, ол рэп деп аталды. Келесі онжылдықта рэп хип-хоп, альтернатива мен акустиканың пайда болуына себепкер болды. «Жеңіл тыңдау» (бұрынырақта көптеген радиостанцияларда «әдемі музыка» һәм Мантовани, Андре Костеланцтердің көркем дәстүрлі шертпе музыкасы деп аталатын) қай кезде де танымал формат болып қала бермек. Алайда қазір ас- паптық, танымал вокалды әндердің арнайы орындалған студиялық нұсқалары, жеңіл джаз және софт-роктың қоспасы. Жеңіл тыңдалатын музыка күннің түрлі уақытындағы көңіл күй мен ырғағына сәйкес келуі үшін мұқият таңдалады. Кантри және вестерн музыкасы 1970 жылдардағы «атағынан ат үріккен» ра- диоформатқа айналды. Осы формат қалалық және шағын нарықтарда айтар- лықтай жетістікке жетті. 1980 жылдары, араға 30 жыл салып қайта жанданған джаздың дамуы мен Биг Бэндтің дыбысы сол форматтарды қолданысқа қайта қосты. Көптеген радиостанцияның «ностальгия», «жасамыстар», «классикалық рок» және «альбом рок» секілді нақты анықталған әрі адал аудиторияны өзде- ріне баурап алатын тар базалы форматы кедергі келтіреді. Қазір сіз мұны оқып отырған уақытта да талғамдардың тағы да түрлене түскендігі сөзсіз, әрі жаңадан пайда болған негізгі формат үсті-үстіне дәріптелуі мүмкін. Әр формат шеңберін- де жеке станцияның нарығына және тыңдармандар аудиториясына бағытталған көптеген бейімделулер мен вариациялар бар. Бүгінде кез келген жаныңызға жағатын музыканы тыңдай аласыз, тек радио эфирін сарыла күту міндетті емес. Кабель, спутник және интернет арқылы жүз- деген музыкалық станциялар мен арналарды тамашалауға болады. Музыкалық радиостанциялар мен арналардың арасындағы бәсекелестік қарқынының үдегені соншалық – әсерлі жарнаманың режиссерлік сценарийін құруға дейін мән бере- тін болды. Төменде станцияның имиджі, сонымен қатар музыканың жарамды- лыған анықтайтын промодан үзінді берілді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==