Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
341 Музыка, варьете және комедия өсуін және өзгеруін көрсетеді. The Beatles тобы танымал музыканың кейіпін ғана түрлендіріп қоймай, сонымен қатар жастардың дүниетанымы мен мінез-құлық- тарын да өзгертті. The Beatles дәстүрлі формулалардан арылуға ынталандырды, олардың музыкасы тек дене ырғағындағы музыка емес, сондай-ақ жастар үшін шешуші және аса маңызды саналатын айтылмаған және ауызша жайттарды жет- кізу идеясының музыкасы атанды. Негізгі концепциясы жаңа болмаса да, мұнда музыка болды. Арзан бағалы транзисторлы радиоқабылдағыш арқылы радио – креативті шеберлік пен креативті қабылдау арасында бұрын-соңды болмаған байланыстырушы желі деңгейіне жетті. ХХІ ғасырдың басында «рэп», «хип-хоп», «фьюжн» және «альтернатива» секілді жаңа музыкалық бағыттар танымал бол- ды, мұнда музыка барлық жерге жетті және оны iPod -тар арқылы кез келген фор- матта жүктеп және тыңдаушыға өзінің жеке радиостанциясын виртуалды бағ- дарламаға айналдыратын тағы да басқа технологиялық құрылғылардан тыңдауға болатын. Дыбыс жазушы компаниялар мен радиостанциялар радиода жазылған музыканы көпшіліктің талап-тілектеріне қызмет ететін демократизация құралы деп біледі. Мұндайда «сол талап-тілектер қажеттілікке жата ма?» және « демокра - тиялық аудитория интеллектуалдық контенттің эвфемизмі ме?» дегендей сұрақ- тар туындауы мүмкін . Қалай болса да, дыбыс жазушы компаниялар мен радиос- танциялар «демократиялық» және «басқару» терминдерінің қолдану аясы кең екендігін және тыңдарман үшін қол бола алмайтындығын анықтады. Осылайша мамандану және көптеген негізгі форматтарға қатысты даму үрдісі байқалуда, бұл ретте жеке қауымдастықтағы дербес радиоларда кез келген түрге қатысты эксклюзивті үрдісі бар. Формат түрлері Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін радиоға жаңа әдіс-тәсіл қажет болды. Со- ғыстан кейін жергілікті станциялардың саны өсті және жергілікті табыстар арна- лардың табысынан да асып түсті. Жергілікті станциялардағы музыкалық бағдар- ламаларда ұқсас қалыптары болды: белгілі бір топқа немесе вокалиске арналған 15 минуттық және жарты сағаттық сегменттер. Бұл формат күн сайын бағдарла- ма режиссері, дижей және фонотека редакторының шешімімен жүзеге асады, әсіресе фонотекор (music librarian) нақты режиссерлік сценариймен бағдарла- маның шашауын шығармай ретке келтіреді. Көптеген жергілікті радио-станция дижейі бір түн бұрын фонотека редакторы әрбір шоуға әзірлеген жазбаларын таңертең реттеп алады. Дижей музыка қосылғанға дейін әр шоуға қандай музыка таңдалғанын білмеуі де мүмкін. Кейіннен top-40 (топ-40) пайда болды. Енді сауда-саттық кестесі, музыканы таңдайтын автоматты сауалнама мен музыкалық дүкендердің есебін ескере оты- рып, көптің көкейінен шыққан таспаны таңдау арқылы тыңдаушылардың талға- мымен санасатын мүмкіндік еді. Бастапқыда тop-40 бірнеше станциямен таңда- латын, сол таңдаулы 40 әуен түгелдей берілетін және әр радиостанцияның имид- жін танытатын өз дижейі болатын. Дегенмен бертін келе көптеген радиостан- циялар арнайы маманданған аудиторияны іздеуді бастады, сонымен қатар сол таңдамалының ішінен кантри, вестерн, рок-н-ролл және тағы басқа жанрларға көңіл бұрды. 1960 жылдардың соңында топ-40 ұсынатын станциялар механика- лық басқаруға көшті, мұнда дижей керек болмай қалды, тек ең танымал әуендер плейлисі және бір-біріне кезек-кезек көшу арқылы жұмыс істеді. Уақыт өте келе бұл радиолар дижейге көңіл бөлу, әуендер арасына «жылымық» орнату, икемді
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==