Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

8-ТАРАУ 340 визуалдығы сай келсе, көбінесе қалың көрерменнің көңілін драматикалық әрі энергетикалық форматпен тапты. Интернет мүлдем музыка отауын тікті, мұн- дай киберкеңістік күллі әлемнің музыка көздеріне жетуіне ғана жағдай жасамай, кез келген жанның музыкалық бағдарламасын таратуға ерік берді. Біліп қойы- ңыз, пираттық музыка үшін, яғни туындыны тарату сомасынан жалтарып, жүк- теп алғаныңыз үшін айыппұлға ілігесіз. Музыкалық сценарист музыкалық видео дайындаудан бөлек режиссерлік сце- нарийді реттейді, яғни кіріспе, қорытынды, өткелдер және қысқаша түйін мен шоудың нобайын әзірлейді. Кейбір радиодағы дижей шоулары ғана сценарий- лерді алдын ала дайындап қояды. Көбінде дижей плейлиспен жұмыс істейді және сценарий нұсқаулық түрінде, әлде ойына тоқып алумен бастан-аяқ режис- серлік сценариймен алып шығады. Кәсіби маман егер қателіктің алдын алу мүмкін екендігін байқап тұрса, еш- қашан жаңылысуға тәуекел етпейді. Өз ісінің үздігі саналатын мамандар бағдар- ламаның әр ұсақ-түйегін алдын ала ойластырып қояды. Істеген жұмыстарының барлығы еш дайындықсыз, импровизация екендігін айтатын дижейлер не жал- ған сөйлейді, не аз уақыт қана әуестеніп, кейін қоя салатын әуесқойлар санатына жатады. Комедия жанрындағы варьете шоудың сценарийін жазу – адамға үйретіп бол- майтын ерекше дарын, сондықтан кітаптан мұндай дағдыны іздеу бекершілік. Бұл кітап варьете шоу форматын қалыптастырудың ең керекті қағидалары мен комедия жазудың бірқатар негізгі тәсілдерін ұсынады. МУЗЫКА: РАДИО Музыкалық бағдарламада үйлесімді режиссерлік сценарий болуы қажет: ай- қын әрі анық формат – бағдарламаның ортақ идеясы, барлық материалды өз ай- наласына тоғыстыратын әрі шоудың шарықтауы мен дамуына ден қою. Дижей- лердің көбісі күтпеген режиссерлік сценариймен жұмыс істесе де, бағдарламала- рының көбінде музыкалық контентті мұқият ұйымдастырады және жоспарлап алады. Әр бағдарламаның форматын дайындау – жалпы станцияның форматы мен имиджін көрсетеді. Мамандану – радиолардағы бағдарламалардың негізгі қағи- дасы. Кейбір радиостанциялар бағдарлама дайындаудың бірнеше түрін бірікті- реді – екі немесе бірнеше музыка түрлері, бұған қоса жаңалықтар, ток-шоулар және толық қызмет станциялары деп аталатын функциялар. Әу баста FM «есті» әнге, әсіресе классикалық музыкаға теңестірілетін, сәйкесінше, AM-ге қарағанда тыңдарманы тым аз болды. Бірнеше жыл ішінде AM-дегі бағдарлама дайындау, әсіресе музыка әлдеқайда сапалы FM диапазонға қарай ауды. Музыканың кез келген форматы мен түрін радиодан тауып алуға болады, дегенмен танымал му- зыка қашан да тағынан түспейді. Музыка түрлерін анықтау үнемі өзгеріп отыра- ды, сәйкесінше, музыкалық форматтар да түрленеді. Заманауи музыка дегеніңіз кейбір дыбыс режиссері үшін көзі тірі композитор, алайда бұл түсінікті әлі күнге танымал хит әндермен шектейді. Заманауи және поп-музыканың қаншалықты нақты анықталғандығына қара- мастан, музыка – мәдениетті танытушы және сол мәдениеттің негізін қалаушы құрал. Заманауи музыка – тыңдаушыға психологиялық еркіндік сезімін, ал орын- даушыға әртістік ерікті сыйлайтын жастардың диалогы. Поп-музыка – бұл әлеу- меттік құбылыс, бір жағынан, қоғамның әсіресе жастар қоғамының икемділігін,

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==