Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

Музыка, варьете және комедия ТАРАУ 8 Р адиода ток-шоулар немесе музыкалық емес форматтар көбейгенімен, му- зыкаға көңіл бөлетін бағдарламалар әлі де баршылық. Негізінен, радио- станциялар контент үшін таспаланған музыкаға «иек» артады. Бір немесе бірнеше радиожелі қызметімен байланысты станциялар жаңалықтар мен ақпа- раттық хабарларды басқа музыкалы форматқа біріктіру арқылы таратады. 1930 жылдары Мартин Блок радиодиктордың концепциясын ойлап тапты. Аталмыш концепцияда дауыс комментарий мен жарнама роликтерінен бөлек жазылды, алайда мұның барлығы бір уақытта тікелей эфирде студияда жазыл- ғандай әсер қалдыратын. Содан бері диск-жокей яки дижей шоулары ұлттық институт ретінде таныла бастады. Телевизия радионың тікелей эфирінде шыға- тын өнерпаздарды өздеріне тартып, студиядағы музыкалық хабарларға симфо- ниялық оркестрлер, танымал әншілер, джаз, би топтары, опера жұлдыздары, өзге де солистер мен өнер ұжымдары шақырылатын. Дегенмен мұндай бағдар- ламалардың барлығы дерлік радиодан ептеп алына бастады. Музыкамен сүйе- мелденетін көптеген радиобағдарламалар, соның ішінде комедиялық және варь- ете шоулар телевизияға ауысып кетті. Жылдар бойы музыка саласының мамандары, топтар және оркестрлердің қатысуымен түсірілген бірқатар телехикаялар үлкен табысқа кенеліп жүрді. Жалпы, әншілер телевизияда тек музыкаға ден қоятын шоулардан гөрі, варьете форматындағы бағдарламаларда жақсы қырларынан танылды. Соңғы жылдары жоғары жетістікке жеткен осындай бағдарламалар қатарына American Idol секілді «реалити-шоуды» жатқызуға болады. Жеке музыкалық топтар телевизияда кей- де арнайы бағдарламалар немесе Saturday Night Live , Конан О’Брайен, Дэвид Лет- терман, Жей Лено секілді музыкалық емес шоуларда және тағы да басқа кешкі бағдарламаларда жекелей өнер көрсетеді. Ұзаққа созылатын музыкалық шыға- рылымдар кейбір оқырманның, әсіресе мемлекеттік теле-радиода, соның ішінде опералық және эстрадалық концерттерді тыңдаушылардың арасында танымал болды, алайда қалың көпшіліктің ықыласына бөлене қоймады. 1980 жылдардың басында MTV -дің пайда болуы, телевизиядағы музыкалық шоуларды жаңа өл- шемге ығыстырды. Кабельдік телевизияның көбеюі тәулік бойына музыка тара- татын алғашқы арна MTV -ге басқа қызметтерді дамытуға және жаңадан туында- туға мүмкіндік берді. Әсіресе танымал топтардың музыкасы мен тұлғаларының 339

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==