Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

7-ТАРАУ 338 6-тарауда талқыланғандай, Америка Құрама Штаттарындағы барлық субмә- дениеттерде, сонымен қатар әлем елдерінің өзара қатынасы мен көші-қон жағ- дайына әсерін тигізген көлік және байланыс саласының дамуына байланысты – кейбір сөздер, концепциялар және тәжірибелер қалыптасты. Автор өзі жазған субмәдениеттің өкілі болмаса да, жазған материалының нақты бір топтың мәде- ни ерекшеліктерін көрсететіндігіне сенімді болуға тиіс. Сол топтың мүшесі емес немесе олардың тарихы мен әдет-ғұрыптарын білмейтін болсаңыз, аталмыш топтың өкілдерінен кеңес алыңыз. Интернет – әлеуметтік желілер және коммерциялық корпоративтік жарнама- ға тәуелді емес басқа бағдарламалар арқылы дәстүрлі медиада өз көзқарастарын білдірту және мәселелерін айтып жеткізу мүмкіндігінен айырылған әйелдер, нә- сілдік және этникалық азшылық өкілдері және басқа да топтар үшін жаңа мүм- кіндіктер ашты. ТАПСЫРМА 1. Жеке және ақпараттық сұхбатты дайындау үшін ой-пікір білдіру парағы, сценарлық жобаның қысқаша мазмұндамасы және нобай парағын дайын- даңыз. 2. Әр сұхбат өз жерінде беделі бар әртүрлі адаммен жүргізілуіге тиіс. Сұх- баттың барлық үш түріне субъект ретінде бірдей адамды қолдану арқылы теңдей жаттығуды орындаңыз. 3. Даулы сұраққа негізделген панельдік дискуссияның бағдарламасына но- бай, сценарлық жобаның қысқаша мазмұндамасы мен нобай парағын әзірлеңіз, біріншісі – радиоға, екіншісі – телевизияға және үшіншісі – ин- тернет форматына лайықталсын. Қандай ерекшеліктер байқадыңыз? 4. Сіз ток-шоу авторы және сұхбатшы болыңыз. Өзіңіз оқитын колледж не- месе университет факультетінен біреудің жазған кітабын таңдап алыңыз. 5. Автормен өз кітабы туралы кіріспе, өткелі, түйін сөзі бар, әрі тиімді және қосымша сұрақтар қамтылған 15 минуттық сұхбаттың сценарий нобайын дайындаңыз. 6. Мүмкін болса, медиапродакшн курсында немесе өз институтыңыздың ме- диақұралымен бірлескен сұхбат әзірлеңіз. 7. Колледж радиостанциясы немесе жергілікті радиостанциядан афроаме- рикалықтар, латынамерикалықтар, Азиядан шыққан америкалықтар не- месе байырғы америкалықтарға бағытталған ток-шоу форматын әзірле- ңіз. 8. Әйелдер мен ерлерге тең қызмет ұсынатын дәстүрлі, кабельдік және ин- тернет телевизиясындағы әйелдер ток-шоуының форматын ойластыры- ңыз. 9. Қазіргі күні жергілікті, аймақтық және жалпыұлттық баспасөз беттерінен (мысалы, New York Times, USA Today басылымдары) түспей жүрген тақы- рып бойынша панельдік дискуссия бағдарламасының нобайы мен ретті- лігін әзірлеңіз (кемінде кіріспе, өткелдері және түйін сөзі болуы керек). 10. Баспасөз мақаласын тақырыпқа ден қою әдісі ретінде қолданыңыз.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==