Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
337 Сұхбат және ток-шоу хабарлары әлде әйелдердің бе? Қайсысы бұйрығыңызды тез орындайды? * * * Әйел болуыңыз мансаптық өрлеуге көмектесті ме, әлде кедергісін келтірді ме? Сіздің ойыңыз? Автор және продюсері–Ина Янг Essex Video Enterprises, Inc рұқсатымен пайдаланылды. Этникалық бағдарлама Мұндай материалдар афроамерикалық, латынамерикалық, азияамерикалық және байырғы америкалық бағдарламаларға қатысты айтылады. Қаранәсілді- лерге тиесілі және қаранәсілді топқа бағытталған станциялар мен испан тілді желілердің өсуі афроамерикалық және латынамерикалық аудиторияға арналған ток-шоулар мен бағдарламалардың ашылуына септігін тигізді. Басқа нәсілдік және этникалық топтарда өз мәселелері туралы жазатын медиа құралдары аз болды. Дәстүрлі ақпарат құралдарында аталмыш топтарға арналған бағдарла- малар жоқтың қасы. Көркем фильм, деректі фильм және реалити-шоу тақырыбындағы 6-тарауда арнайы аудиторияға арналған сценарий жазудың үлгілері ұсынылды. Тіл мен терминология мәселесі қай кезде болмасын үлкен маңызға ие. Өткен-кеткенді таныстыру мен тарих, сондай-ақ белгілі бір топтың шұғыл шешуді талап ететін мұқтаждықтары жазу тәсілін анықтауға көмектеседі. Арнайы топтың тыңдарманы мен көрерменіне арналған бағдарлама, ақнәсіл- ді аудиторияға арналған бағдарламаға қарағанда, басқаша жазылады. Белгілі бір қоғам немесе оқиғаларға қатысты сөздік немесе диалог әдетте тек мақсатты ауди- тория үшін маңызды. Мысалы, Сан-Францискода Chinese Affirmative Action Media Committee продю- серлігімен радиодан шығатын бір бағдарлама жаңалықты, комментарийлер мен сатираны біріктірген. Бағдарлама авторлары – Қытай мен Америка тарихын зерттеушілер, өнер адамдары, тілшілер мен медиа сарапшылары. Материалдар әдетте эфирден бе- рілмейтін Америкадағы қытайлардың көзқарастары мен перспективаларынан хабар береді. Медианы біріктіруші құрал ретінде қолдану – арнайы топтар туралы бағ- дарлама жасаушылардың қолданатын тәсілі. Доктор Пальма Мартинес-Нолл Детройттағы Mundo Hispano латынамерикалық арнасының продюсері қызметін атқарды. Бұл арнада көптеген этникалық бағдарламалардың форматына ұқсас келетін мәдени презентациялар, сұхбаттар, түрлі музыка, әйелдерге арналған ақпарат, жаңалықтар, толық метражды және деректі фильмдер, жарнама мен келісімді ту еткен хабарлар шықты. Бұған қоса Mundo Hispano апта сайын мақа- лалар жариялап тұрды. «Бағдарламаның басқа бөліктері секілді, редакциялық шоулар латынамерикалық қоғамның күллі әлемдегі испан тілдік қоғамның тар- мағы екендігін көрсетті. Бұл Чикано емес, бұл – пуэрторикалықтар, қиындық- тарға тап болатын тұтас тілдік қоғам. Одан бөлек, бұлар көпшілік қауыммен ара- ласуы тиіс», – дейді Мартинес-Нолл.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==