Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 336 WOMEN ALIVE бағдарламасына қош келдіңіз. [Бастапқы сұрақтар жаңалықтарды жинау, өңдеу, дайындау және ұсыну процесіне қатысты (жынысына қарамастан). Сұхбат берушінің өкілеттілігі және білімі анықталған соң, тағы да жынысына мән берместен, әйелдерге қатысты сұрақтар енгізіледі, төмендегі мысалдағыдай.] ИНА: Марша, сіз штаттан тыс продюсер ретінде қызмет ететін 5-арнада, жаңалықтар дайындайтын шығармашылық топтың құрамы қандай? Қанша ер, қанша әйел адам бар? Олардың орташа жас мөлшері қандай? Қайсысы басшылық тарапынан ерекше қолдауға ие? * * * Жуырда Metromedia компаниясы 5-арнаны сатып алды, станцияның құрылтайшысы өзгерген жағдайда, кадр тұрақсыздығы, қызметкерлердің кетуі, өз еркілерінен тыс босатылуы немесе ауысатыны бар. Әйелдер және аз топтарға қатысты 5-арнада қандай да бір заңдылық бар ма? * * * Телевизия саласында кадрдан тыс карьерасын қалыптастырғысы келетін әйелдерді қандай кедергі немесе артықшылық күтіп тұр? Бұл мамандықты игергісі келетін әйелдер мен ерлер келешекте қандай жаңдайға тап болуы мүмкін? [Дебби Синаймен жүргізілген екінші сұхбат дәл осы форматта өткізілді]. ИНА: WOMEN ALIVE бағдарламасына қайта оралдық, бүгінгі екінші қонағымыз – Дебби Синай, Массачусетс штатының Нидхэм қаласындағы 5-арнаның сату жөніндегі вице-президенті. Дебби, өзіңізбен осы шоуда жүздескеніме қуаныштымын. * * * Ірі телевизиялық арнаның вице-президенті ретінде, оқырмандарымызға жұмысыңыз жайында толығырақ мәлімет бере аласыз ба? * * * Қызметкерлер штаты үлкен бе? Қанша ер адам, қанша әйел? Ерлерге қарағанда, әйелдер жұмыс сапасын арттыруға қандай да бір үлес қосып жатыр ма? Қайсысының десі басымырақ? Ерлердің бе,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==