Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

335 Сұхбат және ток-шоу хабарлары Сипаттама Уақыт сегменті Жалпы уақыт Ина Янгтің кіріспесі. 01:00 01:00 Екі жарнама (әрқайсысы 1 минуттан). 02:00 03:00 Марша Делла-Жустинамен сұхбат. 10:30 13:30 Екі жарнама (әрқайсысы 1 минуттан). 02:00 15:30 Дебби Синаймен өтетін сұхбаттың бірінші бөлімі. 05:30 21:00 Екі жарнама (әрқайсысы 1 минуттан). 02:00 23:00 Синаймен сұхбаттың екінші бөлімі. 05:00 28:00 Ина Янгтің алғыс айтуы және түйін сөзі. 01:00 29:00 Титр: 01:00 30:00 КІРІСПЕ: ИНА: Бұл WOMEN ALIVE хабары және оның жүргізушісі мен – Ина Янг. Телевизия – жалт-жұлт етіп көзді арбайтын және көп ақы төленетін кәсіп. Сәтті шыққан бір телехикая бұрын танымал болмаған адамдарды жұлдыз етіп шығарады. Дей тұрғанмен, әрбір Барбара Уолтерс пен Конни Чунгтің артында телевизиялық мекемелер мен студияларда камера сыртында еңбек ететін мыңдаған әйел бар. Бүгін WOMEN ALIVE бағдарламасында «Телевизия эфиріне әйел көзімен қарау» тақырыбын талқылаймыз және бүгінгі екі қонағымыз да телевизияның қыр- сырын бір кісідей білетін дарынды тұлғалар. Марша Делла-Жустина – тәуелсіз продюсер, хабар тарату жөніндегі директор және Emerson College доценті (Бостон). Дебби Синай – Массачусетс штатының Нидхэм қаласындағы 5-арнаның вице-президенті. WOMEN ALIVE хабарымен бірге болыңыздар, сәлден кейін «Телевизия эфиріне әйел көзімен қарау» тақырыбына ораламыз. ЖАРНАМАЛЫҚ ҮЗІЛІС. ИНА: Бүгін WOMEN ALIVE бағдарламасында телевизиядағы әсемдік пен жылтырақ дүние туралы сөз қозғаймыз. Барлығымыз көп ақы төленетін әрі белгілі жаңалық жүргізушілерімен таныспыз. Алайда жаңалықты шарқ ұрып іздеп, оларды телевизиялық хабарға дайындайтын ерлер мен әйелдер туралы не білеміз? Әйгілі сериалдардың жұлдыздары туралы не білеміз, бірақ әр телевизияның гүлденуі үшін өндіріп қызмет ететін сату менеджерлері туралы не білеміз? Біздің алғашқы қонағымыз тәуелсіз продюсер және Emerson College профессоры – Марша Делла-Жустина. Марша,

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==