Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 334 материалдар, атап айтсақ, клуб кездесулері, үйді әрлеу, ас дайындау жөнінде ке- ңестер, сән және косметика туралы ақпарат қамтылды, сонымен қатар үй шаруа- сындағы әйелді қызықтыратын қызметтер мен өнімдер жайында түрлі кеңестер айтатын танымал тұлғалармен сұхбаттар жүргізілді. Бұл бағдарламалар жасөспірімдерді зорлау, есірткі мәселелері, тұтынушы- лар құқығы, қоршаған ортаны ластау, медианың балаларға әсері, соның ішінде әлеуметтік желілердің ықпалы, жергілікті білім берудегі мәселелер және тағы басқа тақырыптарды қызу талқылауға түрткі болды. Қыз-келіншектер үшін өзек- ті саналатын тең құқық һәм мүмкіндікпен қамтамасыз ету үшін ақпарат пен жол көрсететін маңызды тақырыптар кулинария мен косметикаға бағытталған фор- маттарды алмастырды. Әйелдерге арналған бағдарламалардың бүгінгі тақырыптары – атом электр- станцияларының тұрғындар денсаулығына әсері, қышқыл жаңбыр, жер қырты- сының ыдырауы, улы заттар қалдығы, зорлау, түсік жасату, тууды бақылау, соғыс құрбандары, кәсіби дайындық, қаржылай тәуелділік һәм тәуелсіздік, сонымен қатар әйел құқығының тапталуы және осы мәселенің алдын алу. Осы бағдарламалардың басым көпшілігі әйелдермен қатар, ерлердің де са- на-сезімін көтеру құралы ретінде қарастырылады. Соның ішінде сұхбат арқылы бойжеткендер өздері еліктейтін адамдар жөнінде ақпарат алса, ал бозбалалар қыз-келіншектер туралы жаңа әрі дұрыс пікір қалыптастыра алады. Көркем және деректі фильмдердегі сұхбат алушы-комментатор ретінде әйел рөлін көтеруші қарлығаштардың бірі – Барбара Уолтерс әйелдермен бірге ер- лерді де қызықтыратын ақпаратты-ағартушылық хабарлар күндізгі эфирде шы- ғуы керектігін айтқан. Ол: «Тек әйелдерге арналған шоу деу – әйелдерді төмен- дету», – дейді. Негізгі формасына қарағанда, әйелдер бағдарламасына сценарий жазудың басқа бағдарламаға сценарий жазудан алабөтен айырмашылығы жоқ. Алайда бұл бағдарламалар әйелдердің мәртебесін, үлесін, жетістігін, мүддесін және қа- жеттіліктерін ескеру қажет. Әдейі жасалмайтын сексизмнің өзі бәрібір сексизмге жатады, сонымен қатар әйелдердің шамына тиетін кемсіту немесе стереотиптер- ді өз басынан кешпеген автордан әдептілік талап етіледі. Кабелдік телевизияның әйелдерге, арнайы топтарға және тағы басқа арна- йы талқылауларға бағытталған бағдарламаларды құру шекарасы кеңейді. WE, Oxygen және Oprah секілді кабелдік арналар және Lifetime секілді бағдарлама- лық материалдар әйелдердің талап-тілектері мен көзқарастарын мойындайды. Қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуеттеріне бағытталған ток-шоулардың саны кабелдік телевизияда қаулап келеді, әдетте мұндай арналар саны өте көп, әрі олар жеке бағдарламалардың рейтингіне тәуелді емес (кабелдік жүйелер белгілі уақыт кезеңінде жиынтық рейтингін қолданады) және мұнда диктатура байқа- латын хабар тарату телевизиясына тәуелділік жоқ. Төменде жергілікті кабелдік арналарға таратылған бағдарламаның сценарийі: WOMEN ALIVE Жүргізуші–Ина Янг. Қонақтар: Марша Делла-Жустина – тәуелсіз продюсер, Emerson College- дің бұқаралық коммуникация жөніндегі профессоры және Дебби Синай – WCVB-TV- дің сату жөніндегі вице-президенті (Бостон).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==