Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
333 Сұхбат және ток-шоу хабарлары ТАР ТҮСІНІК Көптеген ток-шоуларда, деректі фильм мен хабарларда қаранәсілді халық, эт- никалық топ азшылығы, әйелдер және тағы да басқа топтарға жасалатын қысым, олар жұмысқа тұрарда тең құқық һәм тең мәртебе алу жолында қиындыққа тап болатыны туралы айтылады (стереотиптік бағдарламаларда), сол топтардың көптеген мүшесі электронды медианың жатбауырлығы баз баяғыша деген түсі- нікке жабысып қалған. Ток-шоулар басқа топтарға немесе тақырыптарға қатыс- ты адамға, түйткілге немесе идеяға құлақ түруге мүмкіндік береді. Көркем және деректі фильмдер, жарнама һәм спектакльдер осы тар түсінікті күлтіңдетпей әрі тықпаламай ашық қарастыру мүмкіндігін ұсынады. Әйелдер бағдарламасы Әйелдерге арналған бағдарламалардағы өзгерістер 1970 жылдардағы феми- нистік қозғалыстың алғашқы жетістіктерімен, соның ішінде медиадағы әйелдер- дің жағымсыз образын жоюға күш салған кезге тап келді. Медиа әйелдерге деген қарым-қатынасты қалыптастырып, нығайтып қана қоймай, сонымен қатар ерлер үстемдік құратын қоғамда әйелдердің мәртебесін жоғарылатудың бірден-бір құ- ралы ретінде қаралады. Бразилиядағы әйелдер құқығын қорғау қозғалысының көшбасшысы Роми Медейрос де Фонсека: «Телевизия – бразилиялық еркектер- дің әйелдерге бөгет болатын құрсаудан арашалаған бірінші білім құралы болды. Қыз-келіншектердің мектепке баруына, оқуына тыйым салған, үйде қамап, бар әлеммен байланыстан қол үзуге мәжбүрлеген. Алайда теледидар қосулы тұрған- да әрбір ақпаратты әйелдердің қабылдауына кім оралғы бола қойсын. Әйел бей- не бір мақтаның ұлпасындай ақпаратты тез сіңіріп алатын, сосын оларға сауат ашудың бес тиындық керегі болмай қалды», – дейді. Қазір интернет желісі – іл- геріде мұндай материалдарға қолы жетпеген миллиондаған адамға ақпараттық және білім беру арналарын ашып, бұған дейін басты ақпарат ағынына арала- са алмаған тұрғындар тобы үшін коммуникацияның негізгі бағытына айналды. Блогтар мен туиттердің өздері айтарлықтай өзгерістер енгізді. Әйелдерге арналған бағдарлама жылдар бойы тыңдарман мен көрерменнің тек олардың көрсетілім уақытына ғана құныға қарайтын, ең әуелі, тек әйелдер- дің мүддесін қорғайтын контентті қамтыған бағдарлама ретінде қаралып келді. Мұндай бағдарламаларда, негізінен, қайшылықты және стереотипке негізделген ЖАЗБА: ДИКТОР: Сіз жаңа ғана _______-мен өткен сұхбатты тыңдадыңыз. Ертең 2 қараша күні өтетін сайлау қарсаңында қосымша ақпарат алу үшін біз ______ лауазымына үміткер _____ және ______ лауазымына үміткер _____ -мен сұхбаттасамыз. Кандидаттар айтатын ой-пікір өздерінікі, бұл радиостанцияның көзқарасын білдірмейді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==