Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 332 МӘЛІМДЕМЕ Мәлімдеменің көбі станциядан тыс дайындалады, штаттағы редактордың қа- тысы жоқ десе де болады. Ол радио дикторы үшін спикердің атақ-абыройы жа- зылған кіріспе және түйін сөз дайындайды. «Ханымдар мен мырзалар, Америка Құрама Штаттарының президенті!». Президент ерекше жағдай немесе ерекше қоғамдық мақсат үшін сөз сөйлейтін болса, алдын ала жазылған мәлімдемеде анықтама материалына сәйкес оқиғаның сипатталуы немесе оның мақсаты жа- зылсын. Комментарий мен анализ де мәлімдемеге ілесіп отыруы керек. Спикер айтарлықтай танымал болмаса, оның лауазымы мен біліктілігі тура- лы ақпарат беріп, эфирге келу себебін түсіндіре кеткен жөн. Есте ұстау керек мықты ереженің бірі – спикердің атағы жер жарып тұрса, кіріспе сөзді шақтап қана беру керек. Кей жағдайда, әсіресе аймақтардағы спикерлер радио мен телевизиядағы уа- қыт талаптарымен таныс болмаса, олардың сөзін тоқтатып тастамас үшін эфир- де қай жерде, нені қысқартып айту керектігі туралы кеңес беру керек. Телевизия мен радионың техникасын түсінбейтін спикерлер өз мәлімдемелерінің шұбаты- лып немесе, керісінше, келте қайырылып, бағдарлама уақыты толмай қалмауы үшін тайминг орнату қажеттігін кейде біле бермейді. Басқа жағдайларда эфир кезінде айтылған ғайбат сөздер (жала) мен әдепсіз сөздерге қатысты құқықтық шеңберді, FCC (Федералдық байланыс комиссиясы) саясатын немесе радиостан- цияның саясатын ұстану үшін спикерге айтылатын сөзді қайта жазу керектігін есіне салу (немесе көмектесу) қажет. Мәлімдемені радиостанция редакторы дайындаған болса, спикермен бірге айна-қатесіз жазсын. Ең әуелі, форматын анықтап алыңыз. Бұл төл сөз бе? Мұнда панель (panel), әлде сұхбатшы (interviewer) қатысу керек пе? Оқырман сұрақ қоя ала ма? Мәлімдеме спикердің бойы мен ойына сәйкес келсін. Кейде телевизиялық мәлімдемені жай ауызша презентациядан да қызықты өнімге айналдыруға болады: бұған кино, таспа, фотографиялар мен басқа да ви- зуалды материалдар кіруі мүмкін. Мұндай мәлімдеме иллюстрациялы әңгіме- дүкенге не дәрістерге ұқсауы мүмкін, кәдуілгі хабар сияқты әзірленеді. Төменде кіріспе, өткел және түйін сөз бар, саяси науқан кезінде пікірталастар- ға арналған қарапайым негізгі форматқа назар аударыңыз. ДИКТОР: Радиостанция Смит округіндегі тыңдарманға алдағы сайлауға қатысатын үміткерлер және оларға қатысты мәселелер туралы мол ақпарат алу үшін «Сайлау» ( Election ) бағдарламасын ұсынады, мұнда аймақтық және округтік әкімшіліктерден сайлауға түскен үміткерлермен сұхбаттар топтамасы ұсынылады. Бүгінгі бірінші сұхбат ____ лауазымына үміткер _____ -мен. ЖАЗБА: ДИКТОР: Сіз жаңа ғана _______-мен өткен сұхбатты тыңдадыңыз. Бүгінгі екінші сұхбатымыз ______ лауазымына үміткер _____-мен.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==