Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

331 Сұхбат және ток-шоу хабарлары Панельдік дискуссия бағдарламасының әдіс-айласы бесенеден белгілі болса да, кейбір шешуші режиссерлік сценарийді дайындап қойған дұрыс. Келесі сце- нарийде модератордың студияда және студиядан тыс мамандармен сұхбаттасуы, сонымен бірге оқиғалардың еркін формада талқылануы қамтылған. Бағдарлама- ның ашылуында кіріспе, тақырыпты баяндау, содан кейін барып алғашқы сұрақ қойылағанына мән беріңіз. THE WINSTON REPORT Модератор–Эрика Уинстон. Қонақтар: Синтия Бранд, Жеймс Фредерик, Хэл Жейсон және Рэйчел Леви. ДИКТОР: Колумбия округі Вашингтоннан Federated Motors ком- паниясы сіздер үшін Тhe Winston Report бағдарлама- сын ұсынады, мұнда күннің негізгі тақырыбы бойынша пікір ұсынылатын қызу пікірталас орын алады. Бағ- дарлама модераторы – Эрика Уинстон. УИНСТОН: Тhe Winston Report бағдарламасына қош келдіңіз. Обаманың ынталандыру жобасының мәртебесі жа- йында әңгімелесу үшін бізге қосылыңыздар. Бүгін студияда менімен бірге – Синтия Бранд және Жеймс Фредерик. Нью-Йоркте Хэл Жейсон және Кливлендте Рэйчел Леви. Соңғы айларда жұмыссыздықтың күрт өсуіне байланысты Обама ұсынған ынталандыру жо- басы іске асуда деп ойлайсыздар ма? ОБАМА: (ТАСПАДАҒЫ ДЫБЫС). Бұл көп уақытты қажет етеді. Бізге «мирас» ретінде берілген қиын рецессияны бір түнде жою мүмкін емес. Дегенмен «сеңнің сөгіле бастағанын» көріп тұрмыз. Бізді сабыр мен шешім тура жолға бастайды. УИНСТОН: Ынталандыру нәтижесінде General Motors секілді көп- теген компаниялар банкрот құрсауынан шығуда. Дей тұрғанмен, елдегі банкротқа ұшыраған шағын кәсіп- орындардың саны артпаса азайғаны кемде-кем. Ке- пілдіктегі тұрғын үйлерді өндіріп алу құқығынан айы- рылу күн санап өсуде. Ал сондай сәтте AIG секілді құт- қарылған компанияның басшылары мультимиллионды бонустарға ие болды. Не болып жатыр өзі? [ПІКІРСАЙЫС] УИНСТОН: Синтия, Жим, Хэл және Рэйчел барлықтарыңызға рақ- мет. Келесі аптада: медиа мен поптың «пірі» Майкл Жексонның қазасын сөз етеміз. ДИКТОР: The Winston Report бағдарламасын ұсынушы – Federated Motors компаниясы. Біз сізді қалаған уақыт- та барғыңыз келген мекенге жеткіземіз. Кеш жарық!

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==