Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

329 Сұхбат және ток-шоу хабарлары ЧАРЛТОН: Жауап: МОДЕРАТОР: Доктор Брно Здислав – Мисситуки мемлекеттік уни- верситетінде дінтану ғылымының доценті. Ол ислам дінінің кейбір мемлекеттерде мемлекеттік дін ретінде тез таралуы және оның иудаизмге қатысы туралы көп жазды. Таяу Шығыстағы конфликтінің себепкері ретін- де дінді қарастырады. Кеш жарық, доктор Здислав! ЗДИСЛАВ: Жауап: МОДЕРАТОР: Пікірсайысымыздың үшінші қатысушысы – доктор Беатрис Стоун, Kings College -дің тарих және экономи- ка профессоры. Ғалым АҚШ-тың сыртқы саясаты мен халықаралық саясаты жайында зерттеулер жүргізеді. АҚШ мемлекеттік департаментіндегі бірнеше Таяу Шы- ғыс елдерінің елшіліктерінде мәдени атташе қызметін атқарған. Кеш жарық, доктор Стоун! СТОУН: Жауап. МОДЕРАТОР: Қатысушылар мен тыңдарманға аудитория тарапынан сұрақтар күтетіндігімізді еске сала кетейін. Қатысушы- лардың біреуіне немесе барлығына сұрақ қойғысы ке- летін кез келген адам WTAK студиясына 555–3296 нө- мірі бойынша хабарласа алады. Сұрақтарыңыз талқы- лауға орынды болып саналса, панельдік дискуссияда айтылады немесе алғашқы мүмкіндік туған жағдайда- ақ жауап беру үшін қайталанады не болмаса таспаға жазылады. 555–3296 нөміріне хабарласыңыз. МОДЕРАТОР: Конфликтінің барлық қатысушыларымен жасалған сұмдықтар, соның ішінде кейбіреулердің геноцидтік этникалық тазарту деп атап кеткен әрекеттерін көз көрді, бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігі бар ма? Егер бар болса, бірнеше апта немесе бір айдан да ұзақ жалғаса ала ма? Доктор Стоун, пікірсайысымызды осы сұрақтан бастауға қалай қарайсыз? (ПАНЕЛЬДІҢ БАСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ОСЫ МӘСЕЛЕ- НІ ТАЛҚЫЛАУҒА ҚОСЫҢЫЗ. ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН- ДЕЙ, КЕЙБІР САЛАЛАР БОЙЫНША БОЛЖАМДЫ ПІКІР- ЛЕРДІ АНЫҚТАП АЛЫҢЫЗ). 1. Әр топтың саяси құрылымы шеңберінде егемендігі бар саяси күштер мен территорияның үлестірілуі? Соның ішінде палестиналықтардың қайтып келу құ- қығы қалай болмақ? 2. Палестинаны жеке мемлекет етіп құру мәселесі, бұл қаншалықты жиі ұсынылады? Иерусалимнің астана ретіндегі рөлі қандай?

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==