Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 328 WTAK ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ Палестина Бейсенбі, сағ. 19:00-20:00 МОДЕРАТОР: (БІРДЕН БАСТАУ). Палестина – ел бола ма, жоқ па? Бұл сұрақ әлем бо- йынша сан мәрте қойылды. Палестина мемлекеті – Таяу Шығыстың көп бөлігін таратып жіберген саяси, діни және идеологиялық конфликтінің символы атанды. Сіздермен бірге модератор – Том Гайд және WTAK дөң- гелек үстеліне қош келдіңіздер! Қазіргі таңда Таяу Шығыстағы бейбітшілікті қолдаудың аса маңыздылығын жете түсіндік. Израиль үкіметінің Ливанға баса-көктеп кіруі және оның инфрақұрылым- дарын қиратуы, сонымен қатар Газа қаласына күшпен кіруі, көптеген бейбіт тұрғындарды құрбан етуі, одан бөлек қаланы азық-түлікпен және сумен жабдықтау қызметін, медициналық және білім беру мекемелерін, көлік бағыттарын қиратуы және гуманитарлық көмек- тен оқшаулауы бұл мәселеге бейжай қарай алмай- тын мемлекеттердің санын арттырып, әрі террористік әрекеттер немесе жанкешті жихадшылар арқылы Из- раильмен күресуді көздейтін көптеген адамның жан- қиярлық әрекеттерін көбейтті. Мұнда қандай шешім бар? Палестина мемлекетінің құрылуы және он жыл бұрын тартып алған палестиналықтардың мүліктері мен үйлерін қайта қалпына келтірілуі, екі тараптағы конфликтідегі қарапайым тұрғындардың ұмтылған бей- бітшілігіне алып келе ме? Араб мемлекеттері Израиль- ді теңізге қарай ығыстыру райынан қайтпайтын болса, көмектесу мүмкін емес пе? Сыртқы қысым, соның ішін- де Біріккен Ұлттар Ұйымының араласуы мен Құрама Штаттармен жүргізілетін бітімгерлік келіссөздер бұл мәселенің шешімін табуға көмектесе ала ма? Барлық тарапты қанағаттандыратын компромистің қандай да бір ұшығы бар ма? Бүгін кешке студиямызға келген қонақтардың көмегі- мен аталмыш сұрақтарға жауаптар табуға тырысамыз. Доктор Роберт Чарлтон – Ялвард университетінің сая- саттану профессоры және Таяу Шығыстағы белді тұлға. Доктор Чарлтон – заманауи саяси теория жөнінде дә- ріс оқиды. Жуырда ол Таяу Шығыстағы жағдайды зерт- теу үшін сол өңірде бірнеше ай тұрып келді. Кеш жарық, доктор Чарлтон!
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==