Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
327 Сұхбат және ток-шоу хабарлары Панельді дискуссия Панельді дискуссия (викторина немесе сұхбат түріндегі панельмен шатастыр- мау қажет) айтарлықтай «икемді» бағдарлама түрі. Дөңгелек үстел басында жи- налған бірнеше адам белгілі бір тақырыптар бойынша идеяларымен алмасып отырады. Мұнда алдын ала құрастырылған нобай немесе жеке пікірге берілетін уақыт шегі болмайды, кейде талқыланатын тақырыптарға да шектеу қойылмай- ды. Қатысушыларда алдын ала әзірленген пайымдаулар болмайды, бірақ олар өздері үшін қажетті санайтын дайындық жұмыстарын жүргізеді. Әдетте пікірса- йысқа араласпайтын модератор талқылауды жетектеп, қатысушылардың тақы- рып аясынан ауытқып кетпеуін бақылап отырады. Панельді дискуссияға қатысуға шақырылған әр адамның бағдарлама контен- тіне не процесіне қосатын өзіндік үлесінің ерекшелігі болғаны маңызды. Мыса- лы, біреу қызу талқы тудыртып жатса, ал екіншісі компромиске шақырып, ке- лесісі статистикаға сүйеніп, тағы біреуі философияға жүгініп, кейбірі әзіл-ысқақ араластырып, ал басқасы мысқылмен жауап қатуы мүмкін. Бағдарламаның ау- диторияға қандай жолмен әсер етіп, назарын ұстап тұра алатындығын анықтап алыңыз. Осы типтес бағдарламаларда әдетте ресми емес тәсіл қолданылады, қатысу- шылар жеке комментарийлері мен өз бағалауларын ұсынады. Кей кездері екі немесе одан да көп қатысушылар арасында қызу талқы туындайды. Мұндайда модератор бір немесе екі ғана адамның басымдық танытпауын бақылауға тиіс. Талқыланған мәселе бойынша шешімдердің шығарылмауы мүмкін, алайда мо- дератор айтылған пікірлерді біріктіріп және аудиторияға түсінікті ету үшін пі- кірсайыс қатысушыларының қандай бітімге келгендігін жеткізу мақсатында қо- рытынды пікірді ұсына алады. Нобай парағында модератордың кіріспе сөзі, панельді дискуссияға қатысу- шыларды таныстыру, мәселе туралы баяндау, негізгі мәселе бойынша талқыла- натын тақырыпшалардың нобайы (бұл нобай панель мүшелеріне бағдарлама басталмас бұрын берілуі керек, дұрысы – өздеріне керекті материалдарын дай- ындап алуы үшін оларға уақытылы берілу қажет), сосын түйін сөз қамтылады. Панельді дискуссия бағдарламасына әзірленген төмендегі нобай парағының басы мен соңын оқып, мұқият және ықтиярлы түрде таңдалған тақырыпшаларға мән беріңіз. Бір сағатқа жалғасатын шоудың толық сценарийінде негізгі мәселе мен тақырыпшалар бірнеше мәрте қайталанады. Бұл сценарийге мынадай сұрақтарды қолданыңыз (соңында өзіңіз жазатын кез келген пікірсайыс сценарийіне қолдана аласыз): тақырыпшаларды құрас- тыру тұщымды пікірсайыстың негізі бола алады деп ойлайсыз ба ? Тақырыпты тарқатуда қандай да бір шектеушілік байқала ма немесе түрлі пікірлер, тәсілдер мен ақпаратты нақты ұсынуға қандай да бір мүмкіндік бар ма? Бағдарламаның ұйымдастыру тәсілі шарықтау шегіне жеткен секілді көріне ме? Пікірсайыстың түрлі бөліктерінің арасында логикалық байланыс бар деп ойлайсыз ба? Қатысу- шылар дұрыс таныстырылды ма? Бағдарламаның структурасы белгілі бір уақыт өткен сайын қорытынды шығаруға мүмкіндік бере ме? (Осы тараудың соңында ұсынылатын «Тапсырма» бөліміндегі 7-жаттығуды қараңыз).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==