Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 326 және өткелдеріне қосымша көмек. Бұл нобайда модератордың кіріспе және қо- рытынды сөзі, қатысушыларды таныстыру ақпараты және бағдарламаның түрлі уақытында қолдануға болатын жалпы тұжырымдары болуы мүмкін. Пікірсайыс нобайын қатысушыларға таратқан абзал, себебі олар қажетті ақ- парат қосу секілді өздерінің қосқылары келетін тұстарын айтулары мүмкін. Ав- тор талқыланатын сұрақтарды, пікірталас кезіндегі тәртіпті және, мүмкін бол- са, әр қатысушының жауабы бойынша уақыт мөлшерін көрсетуге тиіс. Мүмкін болса, қатысушылар автормен (продюсер немесе режиссер) кеңесе отырып, өз көзқарастарын бір параққа қысқа түсіріп алғаны абзал, мұндай жағдайда автор қатысушыларды алдын ала идеялармен алмастырып, әрі олардың айтар пікір- лерін жинақтау арқылы жақсы әзірленген бағдарлама даярлай алады. Әбден иін қандырып дайындалған бағдарлама бір сарынды шығып қалатыны сияқты, ал бір қайнауы кем бағдарламада да қатысушылар көрерменге қажетті ақпаратты жеткізе алмауы мүмкін. Сонымен қатар қатысушылармен алдын ала пысықтал- маған бағдарламада басы артық бір-бірін қайталайтын материалдар ұсынылуы мүмкін. Ал барлығы бірдей бастарын шұлғи беретін бағдарлама көрерменді зе- ріктіріп жіберуі мүмкін; алдын ала әзірленген жоспарда қысқаша немесе қалып- ты баяндау парақтарына қосымша ақпарат ұсынылуы қажет, осылайша берілген сұрақтар бойынша көңілге қонымды пікірлер айтылады – ал егер бағдарлама нақты бір мәселеге бағытталған болса, бір жақты пікір айтылады. Кейбір пікір- сайыс бағдарламаларында әдейі үзілістер мен жалған аргументтер қолданыла- ды, мұндағы әрбір физикалық аргументтердің мақсаты – қатысушыларды ақпа- раттандыру немесе олардың ақыл-ойын ынталандыру емес, «ақпараттық ойын- сауықтық» ( infotaining ) ортаға тарту. Бағдарламада ажиотаж тудыртатын бұл даулы тақырыпты қолдану қажет пе, әлде пікірсайыс қатысушылары арасында орын алуы мүмкін түсініспеушілікті болдырмау үшін қолданбау керек пе, осыны ерте бастан шешіп алған жөн. Тақы- рыптар сауал түрінде берілсін, сонда қатысушылар зерттеп, тереңнен толғайды. Бұған қоса, тақырыптар кең бағытты, мүмкіндігінше, жалпы саясатқа бағыттал- ғаны жөн, әрі тек «иә» немесе «жоқ» деген жауаппен шектеуге немесе фактімен анықталып тұрған пайымдауды қайталауға итермелейтіндей тақырып аясы тар болмауы керек. Сұхбатқа тән принциптер импровизациялық пікірсайыс бағдарламасына да жарай береді. Бағдарламаның кіріспесі мен түйін сөзі, сонымен қатар бастапқы бөлімі алдын ала жазылады. Мүмкін болса, модератор үшін де жалпы тұжы- рымдарды түртіп алғаны дұрыс. Сұхбаттағы секілді, мұнда кейбір жағдайларда бағдарламаның тәсілі мен форматына сәйкес бағдарлама әрекетінің қорытынды- сы және талқыланатын тақырыптар тізімі қамтылған қысқа нобай, сценарлық жобаның мазмұндамасы немесе нобай парағы да жеткілікті болуы мүмкін. Телевизияда визуалды элементтер қосылуға тиіс. Бағдарлама декорациясы, мүмкіндігінше, тақырыпқа сай жасақталсын. Визуалды элемент қарапайым бо- луы мүмкін, алайда ол берілген тақырып бойынша пайда болатын ажиотажды көрсете білуі керек. Түрлері Пікірсайыс бағдарламаларының негізгі түрлері: панельді дискуссия, симпо- зиум, топтық пікірсайыс және дебат.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==