Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

325 Сұхбат және ток-шоу хабарлары Ли: Эфирімізге жаңадан қосылған, бізді өткен аптада, оның алдындағы аптада да тыңдай алмаған тыңдарманға айта кетейін. Сіз жыл бойы өзіңіз сататын заттардан түскен белгілі бір пайызды дауылдардан аман қалған адамдарға беріп тұру туралы шешім қабылдадыңыз. Грифф: Иә, солай. Ли: Мен де бұл жайында біраз бас қатырдым, көп ойландым, өте дұрыс айтып тұрсыз. Білесіз бе, мен супермаркетте тұрған қорапқа ақша салуды үзбей жүрмін және телемарафон қараған түні 25$ жібердім, бірақ сіз айтқан пікірмен келісем. Бұл адамдар туралы ұзақ жылдар бойы еске алып тұруымыз қажет. Грифф: Мұныңыз дұрыс. Жылу жинау үлкен шығынға батырады деп ойламаймын. Ли: Иә. Грифф: Католик болған кезімнен білем, бұл аса қиын шаруа емес. Келер жылы осы екі дауыл құрбандарына теңдей жәрдемі тиетін бір жобаны қолға алмақпын. Айтып тұрғаным – осы, бірақ мен дәл қазір тізімді тексерген едім, сөйтсем, тізім толып қалыпты, мейлінше, бетін қайтаратын қарекет керек. Ли: eBay арқылы осы игі іс үшін көмек қолын созғысы келетін кез келген жанды «Ашық телефон» бөлімінде қуана-қуана естуге бармыз. ПІКІРСАЙЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Пікірсайыс бағдарламасы ой-пікір мен ақпарат алмасуға, кей жағдайда өзек- ті де өткір, көкейде жүрген маңызды мәселелер бойынша нақты шешімге же- туді қалайды. Мұны ақпаратпен алмасуды көздейтін бағдарламамен, ақпаратты анықтауды мақсат тұтатын сұхбатпен шатастырмау қажет. Тәсіл Пікірсайыс бағдарламасының авторы көл-көсір не шала-пұла дайындықтың арасындағы нәзік өткелден өтіп көрсін. Сценарийді толығымен жаза алмайсыз. Себебі мұндай бағдарламада, қатысушылар пікірталас кезінде қозғалатын нақ- ты мәселе немесе пайымдаулардан хабардар етілмейді, осыған байланысты олар қандай пікір немесе комментарий айту керектігін білмейді. Бірақ дайындықсыз жүргізілген бағдарламада қатысушылар болмашы нәрселерді айтып кетуі мүм- кін; модераторға жөн-жосықсыз әңгіме талқылап отырған қатысушыларды тақы- рып аясына қайтару қиынға соғады. Тұтқиылдан тап болған тақырыпты тайсал- май талқылау үшін пікірталастың жалпы формасы мен жобасына керек нобай- ды жоспарлап алған жақсы. Бұл – бағдарламаның кіріспесі, қорытынды бөлімі WS радиосының президенті Крис Мөрчтің келісімі бойынша пайдаланылды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==