Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 324 Мэтт Экли, eBay -дың маркетинг жөніндегі аға директоры eBay Reviews және Guides -тің ерекше функциясы туралы хабарлады. eBay қолданушылары пікірсайыстық форумдар, топтар және тағы басқа құралдар арқылы үнемі бір-бірімен ақпаратпен бөлісетін. Енді Reviews және Guides бұл алмасу функциясын жеңілдетті. Робби Гордон NASCAR жарысы кезінде Майкл Уолтрипке лақтырған дулығасын аукционда сатады. Әлдебіреу 10 млн$ ұсынған соң, eBay аукционды тоқтатып тастаған-ды. Кейін eBay кейбір ұсыныстарды тексергеннен кейін, тізім қайта пайда болды. Бұл eBay радиосының жаңалықтар шығарылымы. Сіздермен болған – Ли Мирабал. Енді eBay радиосына оралайық, студиядамыздың қонағы Грифф. Грифф: eBay радиосының барлық әлемдегі тыңдарманына үлкен сәлем. Сіздердің әр апта сайын бұл радиоға қосылатындарыңызды ерекше бағалаймыз. eBay радиосының осы сегментін SellersVoice.com -мен бірігіп ұсынды, бұл өз дауысыңызды eBay тізіміне қосуға мүмкіндік береді. Мен бұл тізімнен Стивен Кинг туралы ақпаратты көрдім. Ли: Рас па? Грифф: Иә. Сол тізімде басқа да автор болды. Ли: Мұны бірнеше адамдар жасағалы жатыр. Олардың арасында Гришам да бар. Грифф: Дұрыс айтасыз, Жон Гришам. Ли: Одан бөлек бірнеше танымал тұлға. Грифф: Біз өлмес (өз есімдерімізді ұмыттырмас) үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ли: Оныңыз рас (күліп). Бірақ бұл күлкілі емей немене? «Стивен Кинг сені өзінің жаңа романында өлтіріп тастасын». Грифф: Өз есіміңізді Стивен Кингтің романына енгізіп, артынша өліп қалу үшін тізімге өтініш беретіндер жөнінде ойдан құрастырылған оқиға туралы бүтін әңгіме жазуға болады. Ли: Бұл оқиға айтпаса да жазылуда. Грифф: Дұрыс айтасыз, жазылуда. eBay -дің жанашырлығы, Катрина және Рита дауылдарының құрбандарына арналған қайырымдылық акциясы не болды? Ли: Ия, меніңше, адамдар әлі де болса, бәлкім,.. білсеңіз керек сіздің идеяңыз ғой… Әлі күнге есімнен шығар емес, барлығымызды ұятқа қалдырдыңыз. Грифф: Иә, мен әдейі айттым, сен білесің бе?
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==