Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 322 Мысалы, кездейсоқ орын алған ұшақ апаты кезінде жаңалық жасау үшін кім- нен сұхбат алар едіңіз? Сізде таңдау көп, соның ішінде ұшақ экипажы (мүмкін болса), аэронавтика бойынша инженер, ұшақ өндірушісі, Федералды авиация- лық әкімшілік қызметкері және тәжірибелі авиадиспетчер. Сондай-ақ оқиға куә- герлерінің бар-жоқтығын тексеріңіз. Үкімет террористік қауіп-қатердің дұрыс- бұрыстығы туралы тұрақты ескерткен уақытта, сіз Ішкі қауіпсіздік министрлігі- не, ФТБ ( FBI ), ОББ ( CIA ) және басқа да тиісті агенттіктерге жүгінгеніңіз жөн. Куәгерлер қатарына ұшақтағы ақаулықты байқаған, жарылысты немесе ұшақтың құлаған сәтін көрген адамдарды жатқызуға болады. Қатысушылар санатына апаттан аман қалған жолаушылар мен экипаж мүшелері, сондай-ақ ұшақты ұшырудың бақылауына қатысқан авиадиспетчерлер мен басқа да адам- дар кіреді. Сұхбат берушінің осы оқиғалармен байланысы бар әрі сізбен бөлісуге дайын екендігіне көз жеткізіңіз. Сұхбат берушіден (әсіресе кәсіби емес мамандармен) өзінің білетіні мен ой- лайтынын емес, өзіңіз қалаған жауапты айтқызудан аулақ болыңыз. Бұл репор- тердің комментарийі және сұхбат сұрақтары үшін де маңызды. Мұндай сцена- рийдің сипаттамасы ретінде мынадай мысалды алып қаралық: «Оқиға куәгері Жо аспаннан жерге құлдилап кеп жарылған ұшақ апатын отқа оранған шарға ұқсатқан» және ізінше видеоматериалда оқиға куәгері Жоның сұхбаты беріледі: «Ұшақтың құлағанын көрдім. Отқа оранған шар сияқты көрінді, сосын жерге құлдилап кеп жарылды». Осыдан кейін автор немесе продюсер шардың құла- ғанын көрсетеді. Одан бөлек сұхбат беруші туралы нақты ақпарат беруді ұмытпаңыз. Ұшақ апатының куәгері болған сұхбаткердің аты-жөнін толығымен сұрастырып үл- гермесеңіз, экранға тек есімін, қызметін немесе сұхбат алудағы себебін жазыңыз, мысалы – «Жо, оқиға куәгері» немесе «Әуе апатының куәгері». Жақсы сценарий (тіпті қысқа жаңалықты қамтитын репортаж үшін де) ақпаратты ауқымды түрде іздеу мен материалды жүйелі жазуды талап етеді. Алайда кейде қысқа сұхбатта автор – сұхбаттың кіріспесі мен түйін сөзін ғана беруі мүмкін, ал қалған бөлігін репортердің материалымен толықтырады. Әрине, мұндай жағдайда репортер тәжірибелі және білікті автор болуы керек. Көбінесе жаңалықтардың сұхбаты оқиға орнында жүргізіледі, ал тікелей эфирде жүргізілмеген жағдайда репортер жаңалықтар шыққанға дейін мате- риалдарды өңдеу мақсатында, мүмкіндігінше, көп ақпаратты жазып алады. Бұл дайындық ұзақ жүргізілетін сұхбаттың дайындығына ұқсайды, тек мұнда сұхбат басталғанға дейін қысқа уақыт ішінде ең маңызды сұрақтар мен ықтимал жауап- тарды анықтау қажет. Мына сценарий үлгі ретінде берілді: Сейсенбі, 27 қазан :30 Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік директор – Е.З. Скиммер. Бүгін алқабилер соты жеке бас пайдасына жарату үшін тұрғын үй қорынан 500 000$ көлемінде қаражатты заңсыз иемдену ісі бойынша Скиммерге қатысты айыптау актісін шығарды. Q: Сұрақ. Қызметтен кетесіз бе? (Жоқ). Q: Сұрақ. Айыптау ісі шындыққа жанаспайды дейсіз бе? Іле-шала:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==