Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

321 Сұхбат және ток-шоу хабарлары ған сұрақ мынадай болуы мүмкін: «Бұл жанжалға кім кінәлі?». Бұл сұрақтың да жауаптан жалтартпай ұстап қалатыны шамалы. Нақты сұрақтың сыйқы мына- дай болсын: «Президент Сауда министрлігіндегі жемқорлық туралы біліп, бұған дем берді деп ойлайсыз ба?». Алайда бұл да сұхбаткердің сізге қажетті ақпарат- ты беретіндігіне еш кепіл бола алмайды. Сізге «иә» яки «жоқ» емес, нақты жауап керек. «Иә» десе, салған жерден қосымша сұрақтар қоюға дайын болыңыз, мысалы: «Президент неліктен ешқандай шара қолданбады деп ойлайсыз? Ақ үйдің бұл жанжалға қатысы бар ма?» – дегендей. Ал егер «жоқ» десе: «Мұны істеген жауап- ты тұлғалар болғаны ғой. Президент оларды бақылай алмағаны ма?», «Ол Сауда министрімен құдайдың құтты күні кездесетін. Президентті қасақана құлағдар етпеген бе?» және «Президент жанжал ел ішіне тарап кеткеннен кейін де, неге бұл туралы тіс жарып өз пікірін білдірмеді?» – дегендей сұрақтар қойылса игі. Басқа сөзбен айтқанда, жаңалықтар үшін сұхбаттағы қандай ақпарат маңызды екендігін анықтап, қажетті ақпаратты алуға көмектесетін сұрақтар әзірлегеніңіз- ге сенімді болыңыз. Саясаткерлермен сұхбат жүргізгенде негізгі мақсаттардың бірі – көрермен немесе тыңдарманға тез есте сақталатын сөйлем немесе «дыбыстық үзінді» ұсы- ну екендігін есте сақтаған жөн. Сұхбаткерді ағынан жарылып, ішіндегісін толық айтқызуға тырысыңыз. Әбден зерттеңіз! Өз ойын толық жеткізу үшін сұхбаткерге мүмкіндік беріңіз. Шоудың тізгіні сұхбатшының қолында, талқыдағы тақырыпты қонақтан артық біліп тұрса да шақырылған қонақ кеңінен көсіліп, дау-дамайы бітпейтін сұрақтарды талқы- ласын. Қонақ тақырыптан ауытқып кетсе, бір ойды айналшықтап қайталаса не былжырап кетсе ғана сұхбатшы келесі сұрағына көшсін. Мысалы, Американың Ирак пен Ауғанстандағы бейбіт тұрғындарды бомбалауын талдаған Ларри Кинг- тің шоуының біріне көрнекті сыншылар мен шенеуніктер қатысты. Жалпы, сол уақытта Америка Құрама Штаттары бомбалау идеясын құптаған болатын. Ал қарсылық білдіргендердің уәждері мен шындықтары күдік ұялатты. Бірақ құр- метті видеожурналист, марқұм Уолтер Кронкайт өліспей беріспейтін жан еді. Ол медианы әскерилердің қолшоқпарына айналып, цензураға тап болғаны, со- нымен қатар әскери іс-қимыл ошағынан шалажансар әрі шылғи өтірік ақпарат таратқандары үшін жерден алып, жерге салды, қатты-қатты сынап тастады. Бом- баны жарудың нақты әрі қисынды себептері айтылмаған соң, Ларри Кинг қонақ- тың әскерилер мен үкіметті сынауын жалғастыра түсуге мұрсат берді, сонымен қатар Кронкайт бірқатар ықтимал саяси қитұрқы сценарийлердің шаңын қақты. Сұхбаткердің дәл осындай өткір сөздері жақсы сұхбат жасауға септігін тигізеді. Мұқият әрі әділ болыңыз. Контекстен цитатаны сылып тастап, сұхбат беру- шінің пікірін бұрмалап, редакциялаудан сақ болыңыз. Мұның репортер тікелей эфирге дайындап айтатын сөзге де қатысы бар. Толық ақпарат ұсыныңыз. Репор- тердің: «Бүгін президент бар күшін үкіметтегі жемқорлықпен күресуге жұмсай- тындығы туралы президенттік ұшақта журналиске айтып жеткізді», – деп жа- зуы қате, ал, шын мәнінде, бұл ақпарат былай жазылғаны жөн: «Президент бүгін Andrews Air Force базасындағы Air Force One президенттік ұшағының бортында журналистермен өткен сұхбатта: «Алдағы уақытта үкіметте орын алған кез кел- ген жемқорлық әшкере болса, президенттің ресми кабинетінде дереу шара қол- данамыз», – деді. Дегенмен кейде көшедегі адамның өзі де мазмұнды материал ұсына алады, жаңалықтардың дәлдігі мен маңызы: (1) мамандар; (2) бақылаушылар немесе; (3) қатысушылардан алынуға тиіс сұхбатқа сұранып тұрады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==