Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 320 СҰХБАТ ФОРМАТЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕСТЕР Ойын-сауық сұхбаты Ойын-сауық сұхбаты – түнгі уақытта шығатын шоудың негізгі элементтерінің бірі атанды. Мұндай шоуларға мысал ретінде Жей Леноның The Tonight Show , 2014 жылы табысты шыққан Жимми Фэллон мен Дэвид Леттерманның шоуларын айтуға болады. Бұл сұхбаттардың негізгі элементтері – ақпарат пен ой-пікірден гөрі көңіл көтеру және тұлғаны ашу болса да, мұнда көбінесе ақпараттық кон- текст кездесіп қалып жатады. Сұхбаттың контенті шоудың бағыты мен сұхбат алушыға қарай өзгеріп отырады. Таңертең шығатын шоулар әдетте жаңалық пен ақпараттық сұхбатты көп көрсетеді, бірақ оларда да ойын-сауық сұхбатының кей жерлері қолданылады. Мұндай шоулардың форматы мен сценарийлері ұқсас келеді. Негізгі жазба- ша дайындық – шоудың әрбір бөлімдері мен уақыттары тайға таңба басқандай қойылатын нобай парағы. Нақты диалог бірнеше авторлармен әзірленуі мүмкін: анекдоттар, жауаптар және импровизацияның бірдей стильде жазылып, сұхбат берушінің үздік бейнесін көрсетуде сенімді болу үшін шоу қонақтарының жеке авторлары болады, шоу жұлдыздарының жеке авторлары да жұмылдырылады әрі қонақтың жарамсыз материалын ауыстырып, орнын алмастыру үшін продю- серге жұмыс істейтін авторлар да атсалысады. Авторлар дайындық кезінде импровизациялы және қисынсыз диалогпен жиі жұмыс істейді, осылайша шығармашылық топ қандай да бір бөлімнің өзгеретін- дігін алдын ала байқайды. Кейде продюсер, режиссер және жүргізуші жұмыс- тың басым көпшілігін өздері істейді, себебі сол бағдарламаның отымен кіріп, күлімен шығатын топ ненің қажет, ненің қажет емес екендігін жақсы біледі. Да- йындық кезеңінде шоу қатысушылары өз диалогтарына қатысты ескертпелерді түртіп алуға мүмкіндіктері бар. Жаңалықтар сұхбаты Жаңалықтар мен спорттық бағдарламалар 5-тарауда айтылғанмен, осында талқыланған сұхбаттың негізгі концепциялары сол форматтарға да жарай бере- ді. Ток-шоу сұхбатының жаңалықтар немесе спорттық бағдарламалардағы сұх- баттан басты ерекшелігі – уақыты мен тығыздығында. Жаңалықтардағы сұхбат қысқа, бірнеше секундтардан бір минуттың айнала- сына дейінгі уақытты қамтиды. Газеттегі немесе баспадағы жаңалықтар лента- сында бірдей немесе қарама-қарсы пікірлерді ұсынатын бірнеше сұхбаттар жа- риялануы мүмкін, бірақ жаңалықтар хабарында бір немесе екі сұхбаттан артық материал ұсынуға уақыт тапшы. Сол себепті сюжеттің мәнін түсіндіру үшін пай- даланылатын материалдар, мүмкіндігінше, өтімді әрі нақты болуы қажет. Сұхбатшы сұхбаткердің сөзін дуалы ауыздан шыққандай, яғни идеяға ұласа- тындай етіп айтқыза білуі керек. Автордың сүбелі сұрақтарды сұрыптауы – діт- теген мақсатқа жетудің төте жолы. Мәселен, Сауда министрлігіндегі жанжал ту- ралы әкімшіліктің бұрынғы мүшесімен сұхбаттасатын болдыңыз делік. «Сауда министрлігіндегі жанжал туралы не айтасыз?» – деп жалпы сұрақ қойып, бұған нақты жауап аламын деп сенуге болады. Алайда кінәлі саналатын саяси партия- ның ешбір саясаткерінің сенімді жауап бере салуы екіталай. Келесі қысқартыл-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==