Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
319 Сұхбат және ток-шоу хабарлары Дарси, Пол мен Жонатанның картиналарын сипаттап бере аласыз ба? Көп адам кіріп, көретін болған соң, оларды қоршап қою қажет бол- ды ма? Граффитиде таңдалмайтын картинаның жайы не болмақ? Суретшілер Пол Арсенат пен Жонатан Грин туралы жекелей айтып бере аласыз ба? Граффитиді кім кескіндейді? Сіздің сөзіңізге сенсек, граффити 3 те 12 метрге дейінгі көлемде болады екен. «Бір сурет мың сөзге татиды» дейтін ескі бір мәтел бар. Сіздің граф- фити арқылы көздегеніңіз де осы шығар? Біз Марко Айленд тарихи қоғамының өз мұражайының алдына граффити салу үшін картиналарды таңдау мәселесі жайында айтудамыз. Картиналар қайда ілінетін болады? Адамдар қайда барып таңдау жасай алады? Қалай дауыс беруге болады? Марко Айленд тарихи мұражайының құрылысы қандай кезеңге келді? Мұражай құрылысы аяқталған соң, Калуса фрескасынан бөлек нені көруге болады? (Калусаны түйіндейтін музыка). Бүгінгі әңгімеміз осымен тамам. Көп рақмет, Дарси Герен! Картиналар 24 шілде мен14 тамыз аралығында Марко аралындағы M&І Bank және 17 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Неапольдегі M&І Bank -те көрсе- тілімге шығады. Екі мекенде де дауыс беруге болады. Бұдан бөлек, суреттер marconews.com және naplesnews.com сайттарында да онлайн қойылады. Же- ңімпаз 7 қыркүйекте белгілі болмақ. Флориданың оңтүстік-батыс бөлігінде өтетін мәдени шаралар тізімін көру үшін wgcu.org сайтына өтіп, «қоғамдық іс- шаралар» және «өнер күнтізбесі» батырмаларын басыңыздар. Бұл – WGCU, Майерс форты, 90, 1 FM / WMKO , Марко 91, 7 FM. Сіздермен болған – Эми Тардиф. FM станциясының басшысы және «Жаңалықтар» бөлімінің директоры Эми Тардифтің келісімі бойынша пайдаланылды. WGCU Public Media, Ft. Майерс, Флорида.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==