Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 318 Одан кейін 12 жылдан соң, 2005 жылы «Бүкір төбе» (Brokeback Mountain) сәтті шыққан туындыға айналды, дегенмен бірқатар қар- сылықтарға тап болды. Технологиялар жайында сөз қозғасақ, «Матрица» (The Matrix ) фильмі қандай екі мәселеге қарсы наразылық білдірді? «Әйелдер ерлерге тәуелді болды» деген пікірге қарсы наразылық фильмдерінің түсіріле бастағанына қанша уақыт өтті? Кітабыңызды аяқтағалы бері терроризм туралы бір фильм жарық- қа шықты. «Өтіріктер жиынтығы» (Body of Lies) туындысында нара- зылықтың қандай да бір элементі бар ма? Кітабыңызды аяқтағалы бері өзгеруге ынталандыратындай көпші- лікке әсер еткен қандай фильмдер жарық көрді? Дәл осы тақырып төңірегінде тағы бір кітап жазып жатыр екенсіз? Қашан жарыққа шығады? Бүгін ортамызды толтырғаныңыз үшін көп рақмет, Роберт мырза! Кітаптың атауы – Hollywood Speak Out: Pictures that Dared to Protest Real World Issues. Эфирге қайта оралғанда, Марко Айлендтің тарихи қоғамы болашақ мұражайдың алдына граффити ретінде орнатылатын екі картинаның біріне дауыс берулеріңізді сұрайды. Сіз Флориданың оңтүстік-батыс бөлігіндегі қо- ғамдық радионың Gulf Coast Live Arts Edition хабарын тыңдап отырсыз. Музыкалық үзінді– «20 th century-дің музыкалық заставкасы»: Үзіліс@12:48 Gulf Coast Live Arts Edition бағдарламасына қайта қош келдіңіздер! Эфирде – Эми Тардиф. Марко Айлендтің тарихи мұражайы келесі жылы ақпан айында ашылады. Ес- туімізше, мұражай алдында Флориданың оңтүстік-батыс бөлігіндегі ең үлкен граффити орнатылмақ. Граффитиде Американың байырғы тұрғындары – Ка- луса тайпасының заманындағы өмір бейнеленеді. Бірақ олардың тарихын қандай суретпен жеткізу қажет? Марко Айлендтің тарихи қоғамы бұл таңдау- ды Сіздердің құзырыңызға қалдырды. Тарихи қоғам екі картинаны іріктеп, солардың бірін таңдау үшін көпшіліктің дауыс беруін сұрайды. Ал қазір дауыс беру үдерісін түсіндіру үшін телефон желісінде Марко Айленд тарихи қоғамы- ның президенті және Қаржы жинау жөніндегі кампания мұражайының мүшесі Дарси Герен тұр. Сәлеметсіз бе! Бізге 1-877-428-8255 телефон нөмірі арқылы қосыла аласыздар, бұл – 1-877-GCU-TALK. Екі картинаның авторлары кімдер? Аталмыш екі суретті біздің wgcu.org сайтынан көре аласыздар, «бағдарламалар» және «бүгінгі шоу» батырмаларын басып, кейін әрқайсысын жекелей көру үшін кескінге басыңыздар.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==