Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
315 Сұхбат және ток-шоу хабарлары мекенжайына да электронды хат жібере аласыз. Неліктен Pictures of Protest курсынан сабақ беруді жөн санады- ңыз? Бұл курс бойынша қайда және қанша уақыт дәріс оқыдыңыз? Жылдар бойы жүргізген сабақтарда, осы фильмдерге қатысты сту- денттердің білімі не оқуға деген ынтасының жеткілікті емес екен- дігі байқалды ма? Не себепті бұл кітапты жазуға шешім шығардыңыз? Сіз қозғаған үлкен тақырыптың бірі – наразылықтарды баяндай- тын кинолар дер кезінде түсірілмеді. Неге? Жиырма бірінші ғасырда бұл жағдай өзгерді ме? Бұл, негізінен, Холиудқа емес, тәуелсіз режиссерлерге байланыс- ты ма? Холиудта наразылықтар туралы кинокартина түсірген режиссер- лерге қандай күн тумақ? Бүгін санибелдік Роберт Хиллиардтың кітабы жайында сөз етудеміз. Кітаптың аты – «Холиуд сөйлейді: Шынайы әлемнің мәселелеріне наразылық білдіруге батылы жеткен кинокартиналар». Телефон нөміріміз – 877-GCU-Talk, бұл – 877-428-8255. Аталмыш кітап наразылықтар туралы фильмдерді түрлі катего- рияларға бөледі. Кітап соғыс туралы тараудан басталады. Хиллиард: «Ең тиімді антисоғыстық кино ешқандай ірі немесе жаһандық соғыс болмаған уақытта – Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың алдында түсірілді», – деп жаз- ды. Бұл 1930 жылы түсірілген «Батыс майданында барлығы еш өзгеріссіз» (All Quiet on the Western Front) киносы. Мінеки, трейлер: 1 клип – Батыс майданында – ойнатылады: 1:56 Неліктен осы кино сәтті шықты? Бұл киноға әлі күнге дейін бойкот жарияланып, көрсетуге тыйым салына ма? Бірқатар адамдар All Quiet on the Western Front және Вьетнамдағы соғыс туралы «Взвод» (Platoon) фильмдерінің мазмұны мен әсерін салыстыратынын жазасыз. Platoon фильмі наразылықты суреттей- тін туындыға жата ма? Жақын арада Ирактағы соғыс туралы кино шықты ма? Антисемитизм туралы тарауда алғаш рет Чарли Чаплин кездесті. Хиллиард Чаплиннің «Ұлы диктатор» (The great Dictator) туындысы еврейлерге қатысты нацистік саясатқа қарсы наразылықтар жө- нінде жариялаған жалғыз фильм деп есептейді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==